Қазіргі заманғы Қазақстанның
ширек ғасырлы тарихының маңызды оқиғалары:
1985-1991 жж. - қайта құру кезеңі.
1986 ж. 17-18 желтоқсан - Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика
басшылығының ауысуы.
1989 ж. 22 қыркүйек, 1997 ж. шілде - Қазақстандағы Тілдер туралы заңдардың
қабылдануы.
1989 ж. - Невада - Семей экологиялық қозғалысының құрылуы.
1990 ж. 24 сәуір - республика президенті орнының енгізілуі.
1990 ж. 25 қазан «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация
қабылданды.
1991 ж. 29 тамыз - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей
полигоны жабылды.
1991 ж. 18 қараша - “Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақстанға келіп,
ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін
көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы” қаулы қабылдады.
1991 ж. 16 желтоқсан - ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы.
1991 ж. 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы.
1991 ж. - Семей ядролық полигонының жабылуы.
- Қазақстан Компартиясының таратылуы.
- Қазақстан Президентін сайлау.
1991 ж. - шетелдегі қазақтардың ішінен алғаш Монғолиядан оралмандардың
келе бастауы.
1991 ж.- Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын
бастады.
1992 ж. 2 наурыз - ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы.
1992 ж. 4 маусым - Мемлекеттік Елтаңба мен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 ж. 28 қыркүйек 4 қазан аралығында Алматыда қазақтардың дүниежүзілік
бірінші құрылтайы өтті.
1992 ж. қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Н.Назарбаев АБӨ СШ
(Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) ұйымды қолдап сөз сөйледі.
1992 ж. күзінде Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы құрылды.
1992 ж. Қазақстан Республикасының “Көші-қон туралы” Заңы қабылданды.
1993 ж. 28 қаңтар ҚР бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 ж. сәуірінде мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің ұлттық
бағдарламасы іске асырыла бастады.
1993 ж. - “Болашақ” бағдарламасы қабылданды.
1993 ж. күзі - Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздері тарата бастады.
1993 ж. 15 қараша - ҚР-ның өз ұлттық валютасы - теңге айналымға кірді.
1993 ж. 13 желтоқсан - Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі
келісімге” қол қойды.
1994 ж. наурыз - Мәскеуде Президент Н.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру
жөнінде мәселе көтерді.
1995 ж. 1 наурыз - ҚР Президенті жарлығымен Қазақстан халықтарының
Ассамблеясының құрылуы.
1995 ж. 30 тамыз - республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы
қабылданды.
1996 ж. - ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың
мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы” жарлығы шықты.
1996 ж. - ҚР “Мәдениет туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 20 маусым - “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 11 шілде - “Қазақстан Республикасындағы Тілдер жөніндегі заң”
қабылданды.
1997 ж. 10 қазан - ҚР 2030 ж. дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы
қабылданды.
1997 ж. қазан - “2030” Қазақстанның даму стратегиясы.
1997 ж. - Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше
болды.
1997 ж. - “Көші-қон және демография агенттігі” құрылды.
2001 ж. - ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды.
2002 ж. 23-24 қазан -Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк
құрылтайы болып өттi.
2002 ж. 23-24 қазан - Түркістан қаласындағы қазақтардың» Екiншi дүниежүзiлiк
құрылтайы.
|