Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет69/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Мейірімділік, Махаббат
  және 
Шындыққа
 деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңда әлемде бар 
діндердің  қайсысымен  болсын  әлсіз  байланысқан  адам  бүгінгі  таңда  әбіржу 
үстінде  -  ол  не  өзінің  заң  беруші  ақыл-ойына,  не  ұлы  пайғамбарлар  мен 
адамзаттың  ұлы  ұстаздарына  сенуі  керек.  Әр  адам  жоғарыда  аталғандардың 
қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеттіліктің өзектілігі азаймайды, 
кемімейді.  Діни  қажеттіліктер  әсіресе  қоғамдық  қарым-қатынастардың  күрт 
өзгеріске  ұшыраған,  түбегейлі  жаңашыл  бағыт  ұстанған  қиын-қыстау  өтпелі 
кезеңдерінде  өте  маңызды  болары  сөзсіз,  өйткені  дәл  сондай  шақтарда  жеке 
тұлғаның  өзінің  болашағына  деген  үміті  жоғалып,  өзіне  деген  сенімінің 
шектелетіні  аян.  Сондықтан  болар,  КСРО-ның  ыдырауы,  яғни  алғы  шептегі 
қоғамдық мұрат - «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай құрдымда  
қалуының  нәтижесінде  адамдардың  көпшілігі  әр  түрлі  діни  конфессияларға, 
бірлестіктерге бет бұрды. 
Тәуелсіздік  тұста  Батыста  болсын,  Шығыстың  көптеген  зайырлы 
мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның 
біріктіруші-бақылаушы  терең  сенім  байламы  ретінде  қарастырылады. 
Азаматтық  қоғамдағы  діннің  негізгі  қызметі  оның  мәдени-әлеуметтік  жүйенің 
бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатынында. Көптеген діни бірлестіктер 
өздерінің  діни  насихатын  шаруашылық  қызметімен  қоса  ала  жүреді, 
нәтижесінде  республика  территориясында  кіші  жекеменшік  ұжымдар  мен 
фирмалар  пайда  болып,  экономиканың  дамуына  және  жаңа  жұмыс 
орындарының  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.  Діни  орындар  мен  қасиетті 
орталықтар  қаражаттан  тапшылық  көретін  кемтарларға,  кәрі-құртаңдарға, 
жалғызіліктілерге  және  т.е.с.  қайырымдылық  көрсетуді  де  ұмытпайды.  Діни 
ұйымдардың  бүкіл  қаржы-қайрат,  іс-әрекеттері  бейбітшілік,  төзімділік  және 
сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған. 
Адамзаттың  мәңгі  арманына  белгілі  бір  жай  -  зорлық-зомбылықтың 
алдын  алу,  болдырмау  басталып  кеткен,  орын  алған  зорлық-зомбылықты 
тоқтатудан  гөрі  әлдеқайда  оңайға  соғады.  Себебі  зорлық-зомбылық  көзі 
адамның  жаратылыс  табиғатымен,  инстинктерімен  байланысты  болғандықтан 
ол  көбінде  иррационалдық,  соқыр  сезімділікке  жақын  түр.  Зорлық-зомбылық 
«жұққыш», оның көптеген еліктегіштері жедел қалыптасады.  Басталып кеткен 


зомбылық өзінің неден туындағанын, шынайы себебін ұмыт қалдырып, мүлдем 
басқа  себептерді өзінің  қайнар  көзі  деп  табады.  Зорлыққа  дәл  сондай  әрекетті 
карсы  қолданып  нәтижеге  жетем  деу  сорақылық,  сондықтан  да  саналы,  ақыл-
ойы  бүтін  адам,  зорлық  көрсе  бүкіл  болмысымен  жиіркеніп,  тыжырынар. 
Әлемдегі  бар  мүмкіншілік  пен  бүкіл  негіздеуге  қажыр-қайратын  «күш 
көрсетпеу»  принципін  салу  керек.  Оған  басты  себеп  -  «күш  көрсетпеу» 
принципінің  адамдардың  бірлесе  тіршілік  етуі  үшін  пайдалы  екендігінде. 
Әлеуметтік  өмір  түгелдей  дерлік  қарым-қатынас,  байланыстан  тұратын 
болғандықтан ол қашанда бірлік, татулық, ұйымшылдықты жоғары бағалайды. 
Әрбір  жеке  тұлғаның  тағдыры  басқаны  және  де  қауымды  шет  қалдырмауы 
керек. 
Дін  арқылы  бүкіл  әлемге  нұр  шапағатын  шашып  тұрған  бірлесу  және 
келісім, азаматтық бейбіт өмір сүру мағынада өзінің шыңына ақиқат пен бейбіт 
жолын  қалаған  діни  бірлестіктерде  қол  жеткізеді.  Өзін  өзі  реттеуші  қоғамда, 
яғни  азаматтық  қоғамда  адам  тікелей  өзімен  және  басқалармен  тұрақты 
келісімде  өмір  сүруі  және  бүкіл  қоғаммен  әмбебапты  келісімге  жетуі  қажет. 
Осы тұста адамға көмекке дін келеді. Ілімімен әлем ортасына танылған ойшыл 
Э.  Дюркгейм  дінді  ұжымдық  бейсаналық,  индивид  пен  қоғам,  әлеуметтік 
топтар  мен  тұлғалардың  арасында  байланыс  орнататын  және  қоғамды 
біріктіретін  түсініктердің  жиынтығы  деп  тұжырымдаған.  Осы  сипатта 
қарастырғанда,  дін  белгілі  бір  дәрежеде  қоғам  мүшелерінің  көпшілігі 
қолдайтын 
және 
осы 
арқылы 
оның 
тұтастығын 
сақтайтын 
институционалдырылған  өлшемдердің,  сенімдердің  және  құндылықтардың 
жүйесі болып табылады. Дін жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайларға үйлесімді 
және  тиімді  бейімделуге  бағытталған  бағдарлары  мен  іс-әрекеттік 
стереотиптерінен тұрады. Мысалы, дүниежүзілік құндылықтар (жақынға деген 
махаббат,  рухани  қасиетінің  маңызы,  пайғамбар  уағыздарын  орындау,  жанды 
құтқару жылы т. б.) мен исламдық қағидалар (нәсіпқұмарлықты тежеу арқылы 
құдайға  жақындау,  қауым  мүшелерінің  ынтымақтастығының  маңызы, 
мұсылмандық  бес  парызды  өтеу,  т.т.)  қоғамның  рухани  деңгейін  көтеруге 
бағытталып, ізгілікке шақырады. 
Дүниежүзілік  діндер  таза  этникалық  құндылықтар  аумағынан  шығуға 
мүмкіндік 
беретін 
іс-әрекеттер 
императивтерін 
қалыптастырады. 
Конфессионалдық бірлік деңгейінде тұлғааралық және топаралық қатынастарда 
қақтығыстар  мен  ауытқушылықты  шектейтін  (қағидаттар)  принциптер 
негізделді.  Әлеуметтік  тұрақтылық  мәдени  бөліктердің  бірін-бірі  қолдап 
отырғандығын  талап  етеді.  Дін  мәдениеттің  ажырамас  бөлігі  ретінде  орнықты 
құндылықтарды нығайтып, статус-квоны сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан 
дін  әр  адам  үшін  де  тартымды  болып  табылады.  Өйткені,  ол, 
бұқараландырылған, 
өткен 
құндылықтарын 
жоғалта 
бастаған, 
постиндустриалдық  өркениеттің  шамадан  тыс  ағынымен  қамтылған,  маргинал 
тұлғаға жатады. Болмыстың тым жылдам ырғағына ілесе алмаған адам үшін ол 
батып  бара  жатқанда  қармап  қалатын  қамыс  сияқты  және  дін  арқылы  ол 
уақыттың  үзілген  сәттерін  қалпына  келтіргісі  келеді.  Ал  айда  дін,  әзірге,  «біз 
және  біз  емес»  оппозициясынан  жоғары  тұра  алмайды,  айырылған  әлем  әлі 


толық  қосылған  жоқ,  әр  түрлі  конфессиялар  өзара  келісімге  келе  алмай  тұр. 
Басқа жағынан алғанда, барған сайын тереңдеп келе жатқан модернизация мен 
әмбебаптану  этномәдени  және  діни  құндылықтардың  бірегейленуі  мен 
стандарттануына  әкеліп  соғады,  осы  арқылы  діни  топтардың  мүшелеріне 
тигізетін әсері мен маңызын азайта түседі қазірге. Әмбебапты, жалпы, біріккен 
дін  құру  керек  екендігі  туралы  пікірлер  де  пайда  бола  бастады.  Баяндалып 
отырған  кезеңде  діннің  өзі  де  эволюциялық  өзгерістерге  ұшырап,  азаматтық 
қоғамдағы  тұлғааралық  қатынастарды  реттеу  тетіктеріне  жаңаша  әсер  етіп 
келеді.  Оның  негізі  де  бар.  Өйткені  құндылықтық  өлшемдер  адамдық 
қылықтардың  сыртқы  көріністерін  ретке  келтіріп,  дін  көмекке  келетін  адам 
үміттеріне, қайғысы мен тәубеге келуіне араласа алмайды. 
Тәуелсіздік 
жылдары 
бұрынғы 
дәстүрлі 
діндермен 
қатар 
мәдениәлеуметтік  өмір  ерекшеліктерін  білдіретін  жаңа,  модернделген  діни 
конфессиялар мен қозғалыстар қалыптасып келеді. Бұрынғылары да, жаңалары 
да  әлеуметтің  жаңа  талаптарына  бейімделіп,  өз  қолдаушыларын  ұлғайтуға 
ұмтылады. Діни қозғалыстардың мазмұны да өзгеріп кетті. Оған мысал ретінде 
діни  ұйымдардың  бейбітшілікті  және  адам  құқықтарын  қорғауға  бағытталған, 
әрекеттерін,  түрлі бағыт  пен  мазмұндағы  қайырымдылық  іс  әрекеттерін,  білім 
беруге  арналған  діни  жаңа  ұжымдардың  қалыптасуын  (мысалы,  ислам 
университеттері),  адасқан  жандарды  құтқару  арнасындағы  қызметтерді 
(түрмелер  мен  колониялардағы  діни  уағызшылар),  қатыгездікке  қарсы 
әрекеттерді (әскердегі дін өкілдері) атап өтуге болады. Адамдық қатынастарды 
мәдени-әлеуметтік  реттеудің  маңызды  тетігі  болып  табылатын  дін  өз 
қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық, экзистенциалдық мынадай 
мәселелерін  қояды  және  өзінше  шешім  ұсынады:  тіршіліктің  мәні  мен 
мағынасы, оның шектері, нәпсіқұмарлық және тәубеге келу, өлімнің мағынасы, 
қорқыныш және үміт т.т. Адам өмірінің тәндік шектілігінен туындайтын тұңілу, 
қайғы  және  болмыстық  мағынасыздықты  жеңуге  ұмтылған  дін,  адамдық 
ізденісті  рухани  жетілуге,  адамда  адамгершілікті  сақтап  қалуға,  күнделіктіден 
қасиеттіні көруге шақырады. 
Азаматтық  қоғамдағы  діни  құндылық  бағдарларының  жарасымды 
жақтарын  айта  отырып,  сонымен  бірге  дінді,  адамзат  тіршілігінің  барлық 
мәселелерін  шешетін,  абсолютті,  әмбебапты  тетік  дегеннің  де  қисыны  жоқ. 
Еркін  қоғамда  өмір  сүру  құқығына  тек  діни  сенім  ғана  емес,  оған  қоса  діни 
қағидаларға күмәндану, секуляризм және, тіпті атеизм де. 
Постиндустриалдық 
қоғамдағы 
дінге 
де 
көзқарасты 
қазіргі 
постмодернизм өзінше құрастырады. Постмодернистік дискурс бойынша, дінді 
идеологиялық  қатардағы  құбылыс  ретінде  алмау  керек.  Кез  келген  идеология 
жақсылыққа  жатпайды,  өйткені  ол  адамдарға  сырттан  күштеп  орнатылыу 
арқылы  танылады.  Әсіресе,  ғылымға  ұқсатылып  қалыптасқан  идеология 
мәдениетке  жағымсыз  болып  шығады,  себебі  идеологтар  өз  құрылымдарында 
«адам  жанын»  белгілі  бір  саяси  мақсаттарға  пайдалану  үшін  ұрлап  алады. 
Постмодернизм  жеке  адамдардың  дауыстарын  естуге  мүмкіндік  беретін 
«мәдени терапияны» ұсынғысы келеді. Дін туралы пайымдағанда, ғалым сыртта 
тұрып,  адамдарға  дінді  немесе  ғалымның  өзін  сынауға  мүмкіндік  беруі  керек. 


Діни идеялар бұл жерде, әсіресе рационалдандырылған адами рухани дүниемен 
риза  болмаудан  өз  әрекеттеріне  негіз  таба  алады  делінеді.  Дін  осы  сипатта 
«қасиетті мәтін», «құтқарушы шеңбер» қызметін атқаратын, адамдарға түсінікті 
әрі  қарапайым  құралдарды  жеке  тұлғалық  болмыстың  тым  тар  шектерінен 
шығу үшін пайымдалануға мүмкіндік береді. 
Дәстүрлі шығыстық (Таяу Шығыс, ислам, конфуцийшілдік, буддалық т.т.) 
мәдениеттер  діни  -  әдептік  критерийлерді  алға  жетілдіріп,  батыстық 
рационалдық проективизм мен экспериментаторлықты күмәнға алып, ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  дәстүрді  сақтауға  шақырады.  Өткен  бітімдерді  либералдық 
сынауға шектеу қоятын бұл ұстанымда тарихқа ізеттілікпен қарау тұғырнамасы 
қолданылады, заман талаптарына сай жауап беру, өзгелердің дайын рецептерін 
сол  күйінде  қабылдай  бермей,  өз  мәдениетінің  ішкі,  әлі  ашылмаған 
потенциалын жаңа шындыққа сай қолдану қажеттігі айтылады. Сонымен, даму 
және  инновациялар  бұл  ұстанымда  бекерге  шығарылмайды,  бірақ  олар 
бұрынғы консервативті және қорғаушы бастауларға ұяланады. 
Алайда,  қазіргі  күні  дін  мен  мәдениеттің  дәстүрлі  формалары  түбегейлі 
өзгерістерге бәрібір ұшырап отырады. Бүкіл әлемде біртіндеп, бірақ тоқтаусыз 
жүретін секуляризация процесі қамтиды, ол азаматтық және қасиетті салаларды 
адамның рухани өмірінде бір-бірін бөліп алып, сакральды-қасиетті ұғымдардың 
экономика және саясат аймақтарына араласпауын қалайды. Дін өркениетаралық 
қатынастарды  реттеуде  маңызды  рөл  атқарганымен,  өзінің  жалпы  көрінісінде 
адамның  жеке  тылсымдық  өміріне  қарай  көбірек  ығысады.  Әрине,  болжанған 
діни-конфессиялық 
қайшылықтардан 
туындайтын 
суперөркениеттер 
қақтығысының  болу  мүмкіндігін  абсолютті  түрде  бекерге  жатқызу  ақиқатқа 
сыймайды.  Алайда,  әлем  дамуының  әмбебапты  тенденциялары  әлем 
мәдениетіндегі  тұтастану  процесінің  терендеп  бара  жатқанын  көрсетеді.  Әлем 
барған сайын ашық, бірегей, толерантты болып келеді. 
Мамандар,  белгілі  бір  мәдени  тұтастылықтың  ажырамас  бөлігі  болып 
табылатын  «халықтық  діндерді»  (диффузиялық  діндер)  және  тікелей  бір 
этномәдениетпен  шектелмеген  әмбебапты  конфессияларды  бір-бірінен 
айырады.  Халықтық  діндер,  әдетте,  нақтылы  мемлекеттік  биліктің  қасиетті 
негізі болуға ұмтылады. Осындай діндер көмегімен харизматикалық басшылар 
өз  билігін  нығайтқысы  келеді.  Алайда,  осындай  тұтастану  көптеген 
жағдайларда мемлекет азаматтарының жеке құқықтарын шектеуге бағытталуы 
мүмкін.  Әмбебапты  діндер  де  (ислам,  христиандық,  буддизм)  саяси  биліктің 
легитимациясын  қолдануға  ұмтылып,  жалпы  саяси-әлеуметтік  жағдайға 
бейімделе  әрекет  етуге  тырысады.  Олар  нақтылы  қоғамның  басты 
құндылықтарын негіздеу қызметін атқарады. 
Дін, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ісі деп жарияланған азаматтық қоғамда 
да  тұлғалардың  саяси-әлеуметтік  өміріне  тигізетін  ықпалын  жоғалтқысы 
келмейді,  тіпті,  бір  діннің  өзі  әр  түрлі  саяси  бағыттарға  қолдау  бере  алады, 
себебі  діни  ағым  өзімен-өзі  емес,  керісінше,  белгілі  бір  зайырлы  идеология 
немесе  ұстанымдармен  қосылып,  адамдардың  саяси  бағдарларының 
құндылықтар жүйесін құрастырады. 


Баяндалып  отырған  тарихи  кезеңде  дін  қызметі  бірде  бір  сәтте  де 
толастар  алмады.  Жүздеген  мұсылман  отандастар  Меккеге  қажылыққа  барып 
тағзым  етті,  Рим  папасының  уағыздары  жүздеген  мыңдар  тобының 
аудиториясын жинады, буддалық мейрам халық агынын әкелді. Тек әмбебапты 
діндер  ғана  нығайып  келе  жатқан  жоқ.  Дәстүрлі  емес  секталарға  айрықша 
әуесқойшылық  сұраныс  қалыптасып,  магия  мен  астрология,  шығыстық 
медитация техникалары қаулап өсіп келді. 
Қазақстан  тәуелсіздікке  қолы  жеткен  тұстан  осының  барлығын  зерделеу 
және  мәдени  әрекетте  орынды  қолдану  біртіндеп  ескере  бастады.  Азаматтық 
қоғамдағы  діни  институттардың  қызметі  тек  теориялық  қызығушылық 
тудырмай  отыр.  Бұл,  әсіресе,  өзінің  геосаяси  және  тарихи  жағдайларымен 
ерекшеленетін  Қазақстан  үшін  маңызды.  Біздің  еліміз  үш  өркениеттің 
(исламдық,  православиялық,  конфуцийлік)  тоғысқан  жерінде  орналасқан  және 
жоғарыда  аталып  өткен  концепция  бойынша,  қақтығыстар  шығуы  мүмкін 
жолайырық  болып  табылады.  Бірақ,  басқа  жағынан  алғанда,  Қазақстан 
территориясында ғасырлар бойы әр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, 
келісімді  өмір  сүріп  келген.  Қазіргі  кездеде  «Қазақстанда  1300-дей  діни 
бірлестіктер,  30  конфессиялар  қол  ұстасып  бейбіт  тұрып  келеді.  Мысалы, 
Алматының  бір  өзінде  100  діни  ұйымдар  бар:  18  мұсылмандық,  4 
православиялық,  2  католиктік,  7  баптистік  қауым,  2  лютерандық  қауым,  10 
Иегова  куәгерлерінің  жиналысы,  20  протестанттық  және  пресвитерлік,  Бахайя 
қоғамы  (синтетикалық  сана),  2  ескі  обрядтық  қауым,  4  пятидесятниктердің 
қауымы,  Кришна  санасының  қоғамы,  Вайшнавов  діни  қоғамы,  8  мәдени-
ағартушы 
және 
қайырымдылық 
миссиялары, 
иудейлік 
қоғамдар, 
адвентистердің Жетінші күні қоғамы, армян шіркеуі, 4 харизматикалық бағыт, 2 
буддалық  қауым,  1  сатаналықтар  қоғамы.  Қазақстан  халқының  күрделі 
конфессиялық құрылымы елде этнократиялық және исламдық мемлекетті құру 
идеяларының  терістігін  көрсетеді.  Бір  дін  құндылықтарын  әсірелеу  Тәуелсіз 
жылдарғы  жағдайында  қоғамдағы  жікшілдікке  әкелуі  әбден  мүмкін  еді. 
Сондықтан,  Қазақстан  Президенті  жарияланған  демократиялық  мемлекет  пен 
азаматтық қоғам құру бағдары дінаралық сұхбат пен келісімді бірінші кезекке 
қоюды қажет етті. 
Батыc  пен  Шығыстың  қосарлы  ықпал  аймағында  орналасқан  Қазақстан 
үшін  мәдениеттер мен  діндер  сұхбаты  идеясыньщ  берері мол.  Сұхбат ықпалы 
аймағында  орналасқан  қазақ  елі  үшін  сұхбаттылық,  адамдар  арасындағы 
сыйластық  өмір  салты  болып  кеткен.  Олар  үшін  құқықтық  та,  қара  күш  те 
адамдар бірлестігінің негізі бола алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар - 
сұхбатты  қалыптастырушы  сүйіспеншілік,  төзімділік,  мәміле-келісім  болып 
табылады.  Аталған  құндылықтар  кереғарлықты  болдырмай,  әлемде 
бейбітшілікті  қалыптастыру  үшін  барын  салады.  Сондықтан  болар  әлеми 
діндердің  барлығы  дерлік  жаңағы  құндылықтардың  өмірде  терең  тамыр  алуы 
үшін  қолдан  келгенін  аямайды.  Әлем  бұдан  былайғы  жерде  діндер, 
мәдениеттердің  ортақ  тоғысу  нүктесін  айқындамай,  олардың  сұхбаттық 
болмысына тәнті болмай жалпы адамзаттық құндылықтарды дұрыс түсінуі әлде 
қалай. 


Тәуелсіз  Қазақстан  басшылығы,  олардың  ішінде  бірінші  қатарда 
Республика  Президенті,  елдегі  көпұлтты  және  көпконфессионалды  ахуалды, 
өткен  тарихи  жолды  алғашқы  сәттен  қатал  бақылауға  алып  посткеңестік 
мемлекеттер  арасынан  осы  мәселелерді  бейбіт  амалмен  шешу  шараларын 
тиімді  ұйымдастырып  келеді.  Казіргі  заманғы  Қазақстанда  осы  бағытта 
көптеген әлемдік маңызы бар шаралар іске асырылды. 
Солардың  қатарында  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының 
съезі.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  140  этникалық  және  40  конфессиялық  топ 
өкілдері  татулық  пен  түсіністікте  өмір  сүруде.  Діннің  қоғамдағы  маңызы 
артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Астана қаласында әлемдік 
және  дәстүрлі  діндер  форумын  өткізу  бастамасын  көтерді.  Мемлекет 
басшысының  пайымдауынша,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшылары 
арасындағы  сенім  мен  өзара  түсіністікке  негізделген  дін  жетекшілерінің 
жүздесіп  пікіралысу  сияқты  осы  саладағы  халықаралық  ынтымақтастық  үшін 
кең мүмкіндіктерге жол ашты және заманымыздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет