Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет80/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Декларация
 маңызды рөл атқарды.  Оның негізінде екі 
мемлекет  арасындағы  қаржылық  өзара  келіспеушіліктерді  реттеу  және 
Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 
қаңтарында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  пен  Ресей  Президенті  В.Путиннің  кездесуі 
болды.  Онда  екі  жақты  қарым-қатынасты  одан  әрі  жетілдіре  түсуге  жете  мән 
берілді.  Ал  2002  ж.  желтоқсанда  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
Мәскеуге  ресми  сапары  барысында  екі  ел  арасында  қалыптасқан  достық 
байланыстарды  барынша  тереңдету  саясаты  баса  айтылды.  Сондай-ақ, 
аймақтық  және  халықаралық  өзекті  мәселелер  төңірегінде  жан-жақты  пікір 
алмасылды.  Екі  жақты  деңгейдегі,  ТМД,  ЕурАзЭқ,  ШЫҰ  шеңберлеріндегі 
ынтымақтастық 
қарым-қатынастар 
аймақтағы 
елдер 
қауіпсіздігінің, 
интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.  
2003  жыл  Ресейдегі  Қазақстан  жылы,  2004  жыл  Қазақстандағы  Ресей 
жылы  ретінде  мемлекеттік  деңгейде  аталып  өтті.  2004  жылы  екі  мемлекет 
арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жеткен, мұның өзі 2003 жылғы 
сондай  көрсеткіштен  40%  дерлік  көп.  2005  жылдың  басында  Қазақстанда 
тұтастай  жарғылық  қоры  250  миллион  АҚШ  долларынан  асатын,  Ресеймен 
бірлескен 1100 кәсіпорын қызмет еткен.  
Тәуелсіздік  жылдары  оңтүстік-шығыстағы  әлемдегі  алып  мемлекет  - 
Қытай  Халық  Республикасымен  тату  көршілік  және  достық  қатынастар 
орнатуда едәуір шаралар қолға алынды. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір 
жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит 
жағалауына  ең  қысқа  жолмен  шығу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Қазақстан-Қытай 
қарым-қатынасының  дамуы  өте  жоғары  қарқын  ала  бастады.  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  1992  ж.  тамызда  Қытай  Халық  Республикасына 
барған  алғашқы  сапарынан  бастап,  барлық  байланыс  жолдарын  ашудың  сәті 
түсті.  Осы  кезден  бастап  екі  елдің  арасындағы  сауда  тұрақты  өскелең  қарқын 
алған.  1997  ж.  25  қыркүйекте  Алматыда  өткен  Қазақстан  және  Қытай 
делегациялары  арасындағы  келіссөз  барысында  Батыс  Қазақстан  мен  Батыс 
Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 
млрд.  доллар  бөлінетіні  туралы  шартқа  екі  жақты  қол  қойылды.  Мұның  өзі 
саяси-экономикалық  байланысты  нығайтуға,  шекара  маңында  тыныштық  пен 
бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.  


1998-1999  жж.  белсенді  дипломатиялық  әрекеттер  арқылы  Қытай  мен 
Қазақстан  арасында  тағы  да  жаңа  маңызды  уағдаластықтарға  қол  жетті.  Ең 
алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны 
айқындап  белгілеу  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігіне  қосымша  кепілдіктер 
берілгенін білдірді.  
Қазақстан  Президентінің  2002  ж.  желтоқсан  айында  Қытай  мемлекетіне 
жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. 
Екі  мемлекет  басшыларының  кездесуі  барысында  5  құжатқа  қол  қойылды. 
Оның  ең  маңыздысы  “Қазақстан  Республикасы  мен  Қытай  Халық 
Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы 
шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық 
ланкестікпен,  сепаратизммен  және  экстремизммен  күресте  ынтымақтастық 
жөнінде,  еларалық  қауіпті  әскери  әрекетті  болдырмау  туралы  және  т.б. 
құжаттарға  қол  қойылды.  Екі  арадағы  сауда-экономикалық  байланыстар 
жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. 
Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу 
казіргі  заманғы  Қазақстанның  сыртқы  саясатындағы  тұрақты  құбылысқа 
айналды.  
Казіргі  заманғы  Қазақстанның  сыртқы  саясатында  АҚШ-пен  қарым-
қатынасының  маңызы  өте  зор.  АҚШ  Қазақстан  Республикасын  тәуелсіз 
мемлекет  ретінде  таныған  1991  ж.  25  желтоқсаннан  бастап,  екі  мемлекет 
арасында  елші  дәрежесіндегі  толыққанды  дипломатиялық  қатынастар  орнады. 
1991  ж.  желтоқсанында  АҚШ  мемлекеттік  хатшысы  (Дж.  Бейкер)  Алматыға 
келіп,  Н.Ә.Назарбаев  және  басқа  да  ресми  адамдармен  келіссөздер  жүргізді. 
1992  ж.  сәуір  айында  Қазақстанға  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  қарым-
қатынастар  жөніндегі  АҚШ  Конгресі  комиссиясының  делегациясы  келді.  Сол 
жылғы мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев алғашқы сапармен Америка Құрама 
Штаттарына  барды.  Осы  сапардың  барысында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет