7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй ел
халқының Президенттер басшылығы аясында өзара тығыз байланысы
арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық
кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі
caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың
біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттеліп
және өзара қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси
және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара
белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы,
Еуразиялық
Экономикалық
Қауымдастығы,
Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім
Ұйымдары. 2017 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-
қатынас құрғанынына 22 жыл толады.
Кытай
Халық
Республикасымен
ынтымақтастық
.
Біздің
мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму
үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар
айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында
көптеген ipi жобалар жемісті іске асырылып келеді. Ұдайы қарым-қатынас
арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
. Оған қоса
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая
түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы
АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына
және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел
арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес,
энергетикалық
саладағы
байланыстың
дамуы
және
Қазақстан
Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді
дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
Достарыңызбен бөлісу: