Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет9/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126
Байланысты:
ktj 20593
===
бiрiншi  дүниежүзiлiк
  соғысқа  тартылуы  да  әсерiн  тигiздi.  Бұл 
жылдары  қазақтарды  “өз  ерiктерiмен  қаржы  жинау”,  мемлекеттiк  заемдарды 
күштеп  тарату  және  соғыс  салығы  түрiндегi  барлығы  10-  ға  жуық  әртүрлі 
салықтарды  және  баж  салығын  төлеу  мiндеттелдi.  Халыққа  аса  ауыр  тиiп 
көтерiлiстерге итермелеген зорлықтар болған: олар шаруалардың жерiн тартып 
алу,  соғыс  қажетi үшiн  киiмдерiн,  малын және  азық-түлiк  өнiмдерiн  мемлекет 
қажетiлiгi  атымен  ерiксiз  алу,  соғыс  жүктерiн  жол  тораптарына  жеткiзу  үшiн 
олардың көлiк күштерiн өздерiнiң ықтиярысыз жұмылдыру т.б.  
 
Майдангерлер  отбасына  көмек  көрсету  деген  себептермен  қазақтарға 
келiмсектердiң  жерiн  өңдеу,  егiн  өсiруге  байланысты  түрлi  науқандық 
жұмыстарды  атқару  мiндеттердi  өтеу  жүктелген  болатын.  Соғыс  жылдарында 
егiстiк  көлемi,  мал  саны  бiрте-бiрте  қысқара  бердi,  келiмсектердiң  жергiлiктi 
тұрғындарға  көзқарасы  қатайып,  ұлтаралық  қатынастар  шиеленiсе  түстi.  Осы 
кездерде  түрлi  ұлттық,  дiни-қоғамдық  ұйымдар  мен  бiрлестiктер  өздерiнiң 
шовинистiк  бағдарламаларын  жариялап,  адамдар  арасындағы  қатынастарды 
шиеленiстiрдi.  Оның  үстiне  патша  үкiметi  келiмсектердiң  iшiнен  басшы 
топтарын  қаруландырып  жергiлiктi  халыққа  айдап  салып  отырды.  Жетiсу 
облысының  әскери  губернаторының  1914  ж.  9  қазанында  құпия  бұйрығымен 
уездiк  бастықтарды  “сенiмдi  христиандардан”  және  келiмсектердiң  дәулеттi 
адамдарынан мұсылман халқына қарсы қаруланған топтар құру мiндеттедi. 
 
Ұлтаралық  шиеленiстер  жер  қатынастарынан  да  туып  отырды.  Әсiресе 
қоныс  аударушылар  мен  қазақтардың  арасындағы  жер  үшiн  күрестер  бiрiншi 
дүниежүзiлiк  соғыс  жылдарында  ауқымды  болды.  Шаруалар  жер 
иеленушiлерден  және  жергiлiктi  бай  мен  ру  басшыларының  іс  әрекеттерінен 
зардап  көрді.  Ата-тегiнен  қоныстанған  жерлерiн  қорғау  үшiн  табанды  күресе 
отырып,  қазақ  шаруалары  патша  шенеунiктерiнiң  де,  өздерiнiң  болыстық 
басшылары  мен  ауыл  ағамандарының  да  талаптарын  орындамады,  алым-
салықтарды  төлеуден,  соғыс  қажетiне  қаржы  бөлуден  бас  тартуға  ұмтылды. 
Тiптi Черняев уезiнiң Ноғай-Нұрын болысының қазақтары болыс басқарушысы 
мен ауыл ағаманына қарсы шығып олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына 
қарсылық бiлдiрген. 
 
Елдегi  үкiметке  қарсы  қоныс  аударушы  шаруалардың,  соғысқа 
қатысушылардың  отбасыларынан  қымбатшылыққа,  лауазымды  адамдарға, 
салықтар  төлеуге  және  жұмыстық  мiндеттерiн  өтеуге  байланысты  ереуiл-
күрестерi күшейе түстi. 1915 ж. наурызында Жетiсу облысының Верный, Лепсi 
және Пржевальск уезiндегi ауыл тұрғындары орталық үкiметтiң баға саясатына 
қарсы  наразылық  бiлдiрдi.  Лепсi  уезiнiң  Андреевск,  Осиповск  елдi 
мекендерiнде,  Верный  уезiнде  әйелдер  көпестер  дүкендерiн  қиратып, 
тауарларын талап алып кеткен. 1916 ж. Зайсанда болған әйелдердiң бас көтеруi 
әскери күшпен тоқтатылып, 13 адам қамауға алынған. 
 
Сөйтiп  1910  жылдан  кейiн  жаңа  революциялық  дәуiрiндегi  бой 
көрсетулердiң  басым  көпшiлiгiнiң  әлi  ұйымдаспаған  сипатта  болғанына 
қарамастан,  өлкенiң  жарлы  жақыбай,  кедей  топтарының  саяси  сана-сезiмiн 
дамыту  үшiн  олардың  зор  маңызы  болды.  Қазақстан  еңбекшiлерiнiң  барған 


сайын  қалың  топтары  отаршылық  езгi  мен  таптық  қанауға  қарсы  күреске 
тартыла түстi. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет