Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі


Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер



бет79/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012

2.Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
Қазақстан Республикасының «білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық азыналар негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдай жасау туралы айтылған.
Отбасы тәрбиесінде толып жатқан ұлттық үдемелі дәстүрлерге тоқтаған жөн. Олардың бірі - еңбек және имандылық тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі – ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін қанағаттандырудың көзі. Осыған орайбалаларды еңбекке тәрбиелеу ата – аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды таратуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді дәріптеген.
Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген. Әрбір қазақ отбасында баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландарған. Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата – аналардың мақсатты ісі болған.
Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазіргі кезде педагогикалық принциптерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог ғалымдардың ойларын еске түсірген жөн.
Н.К.Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің лағашқы жалдарынан бастап, еңбек тәрбиесіне қойылатын бағдарламалық талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет екендігін айтады.
А.С.Макаренко отбасында еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп мынадайц құнды пікірлерді ұсынды.

  1. Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.

  2. Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру - тәрбиешілердің ерекше міндеті.

  3. Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді, - бұл енді адамгершілікке дайындық.

  4. Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім, түйсігі, саусақтары т.б дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани және психикалық дамуына зор әсер етеді.

  5. еңбектің қоғам - өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты бақытты өмір сүреді.

В.А. Сухамлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша «Еңбек тәрбиесі бұл, бейнелеп айтсақ үш ұғымның үйлесушілігі, керек, қиын және тамаша». Бұл үш ұғым отбасы және мектеп өмірінің негізі болуы тиіс.
Имандылық тәрбиесі - бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет – ғұрыпқа, байсалды мінез – құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындаға адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.
Адам бойындағы ұнамды және қымбатты қасиеттердің бірі – достық.
Достық дегеніміз татулықтың, сенімділіктің, көзқарастың бірлігі, бір – біріне қайырымдылық, қамқорлық жасау, рухани және моральдық көмек көрсету.
Қазақ халқының ертегілерінде, ақын – жырауларының шығармаларында көптеген достық туралы мақал – мәтелдерді, өлеңдерді еске түсіруге болады:
«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» т.б.
имандылық тәрбиесі жеке адам бойындағы қасиеттердің жиынтығы. Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан – тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет