Хлорохинге тұрақты тропикалық безгектің емі. Сульфаниламидтер мен сульфондармен синергист болатын безгекке қарсы комбинацияланған схемалар:
1 схема. Сульфален 1,0 + триметаприн 0,5. 2 препаратты күніне 2 рет немесе 1 рет қолданады.
2 схема. Күніне 5 таб. мефлохин (3табл.ертеңгісін және 2 табл – кешке). 14 күн бойы қатарынан примахин 0,027г.
3 схема. Күніне 5 таб мефлохин. Күніне 3 табл фансидар.
4 схема. Күкірт қышқылды хинин 0,65 10-14 күн бойы күніне 3 рет.
Соңғы кезде тропикалық безгектің қоздырғышының дәріге тұрақты штаммдарын емдеуге лариам қолданады. Оның құрамындағы бөліктері мефлохин гидрохлоридінде 274,09 250 мг негіздік мефлохин құрамында бар. 1табл – 250мг.
Лариам плазмодияның барлық түрінің жыныссыз эритроцит ішілік түріне әсер етеді. Иммунды емес пациенттерге салмағы 45-60кг – дозасы 1250-1500мг (5-6 таблеткадан), ал жартылай иммунды пациенттерге – 750-1000мг (3-4 таблеткадан) қолданады. Таблетканы тамақтан кейін және көп мөлшерде сумен ішеді.
Мефлохинмен (лариамом) 3 күндік безгкті емдегеннен кейін радикальды емдеу үшін 8-аминохинолин тобының препаратын қолдану керек. Мысалы, қоздырғыштың тіндік (бауырлық) түріне әсер ету үшін – приимахин, хиноцид немесе фоль қышқылының антогонисі – пириметамин қолданады. Егер 48-72 сағат ішінде лариамнан ешқандай нәтижесі болмаса басқа препарат қолдану керек.
Лариамның (мефлохин) профилактикалық дозасы – 250мг (1т) эндемиялық аймақтарға шығар алдында аптасына 1 рет тағайындалады және сол дозаны әр апта сайын аймақта болған кезеңдерінде және келгеннен кейін 1 апта бойы қолданады.