Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет43/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Этиологиясы. Қоздырғышы Грам (теріс) таяқшалар, аэробты, спора түзбейтін, қарапайым қоректік ортада өсетін Salmonella тобына, Enterobacteriacae тұқымдастығына жататын бактериялар. Қоректік ортада, агарда сальмонеллалар түссіз түрден ақ - сұр түсті колониялар түзеді. Олардың ферментативті қасиеті бар. Грам (теріс) сальмонеллалар экзотоксиндер түзеді. Олардың ішінде – ішек қуысына сұйықтық пен тұздардың бөлінуін (секрециясын) күшейтетін энтеротоксиндер және ішектің шырышты қабатының клеткаларындағы ақуыз - синтездік процестерді бұзатын және цитомембранаға әсер ететін цитотоксин.
Бактериялар бұзылған (өлген) кезінде бөлінетін эндотоксин жалпы улану синдромының себепшісі болып табылады.
Сальмонеллалар О және Н-антигендерге ие. О-антиген-соматикалық термотұрақты (термостабильді) антиген. Оның компоненттерінің бірі-Vi-Аг Н-антиген-талшықты, термолабильді Аг.
Сальмонелла тобына жататын микробтарды жіктеу, олардың антигендік құрылымына негізделген. Уайт — Кауфман кестесінде жақсы көрсетілген (1934 ж.). Барлық сальмонеллалар мынадай серологиялық топтардан тұрады: А, В, С (1, 21), Д, Е (12, 34) т.б. Қазіргі кезде сальмонеллалардың 2200 — дай серотиптері бар. Олардың ішінде 700 артық адамдарда кездеседі. Жиі кездесетін сальмонеллалар: S. typhimurium, S. heidelberg, S. enteritidis, S. newport, S. anatum, S. derby, S. london, S. panama. Сальмонеллалар әртүрлі физикалық және химиялық факторлар әсеріне төзімді. Сүт және дайын ет тағамдарда, азық - түліктің органолептикалық құрамын және сыртқы түрін өзгертпей 4 айға дейін сақталады жене көбееді. Сальмонеллар тұздауға, булауға, қышқылдардың әсеріне және жоғары, әсіресс төменгі температураға төзімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет