Клиникалық көріністері. Тағамдық токсикоинфекциялар — циклді ағымды аурулар. Инкубациялық кезең 30 минуттан -24 сағатқа дейін (көбінесе 2-6 сағат).
Ауру интоксикация симптомдары мен асқазан-ішектің бұзылыстармен білініп басталады. Интоксикацияның алғашқы белгілерімен қатар (әлсіздік, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, бұлшықеттерде, әсіресе, балтыр бұлшықеттерінде, буындарда ауырсыну т.б.) аурудың басталуынан және бүкіл барысында асқазан мен ішектің зақымдалу симптомдары кездеседі. Олар көбіне гастрит немесе гастроэнтерит, гастроэнте-роколит түрінде көрінеді. Әдетте барлық асқазан-ішек жолы зақымдалады. Бірақ асқазан-ішек жолының белгілі бір бөлімінің зақымдалуы болуы мүмкін. Бұл көрініс қоздырғыштың түріне, жұқпаның мөлшеріне, ауру алды кезеңдегі асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайына байланысты. Аурудың толық клиникалық көрінісі 1-2 тәулік ішінде көрінеді.
Гастриттік синдром 4-5%-да кездеседі. Ауруда интоксикация белгілерімен қатар, жедел гастриттің көріністері байқалады: жүрек айну, қайталама құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну мен ауыру сезімі. Құсықта алғашында тағам қалдықтары болса, кейін өт аралас болуы мүмкін.
Тағамдық токсикоинфекция жиірек гастроэнтериттік синдроммен сипатталады. Жалпы улану белгілерімен қатар жедел гастриттен соң энтерит басталады, яғни іш өту болады. Алғашқыда нәжіс ботқа тәрізді болса, соңынан сулы консистенция түріне ауысады. Қан аралас болмайды. Нәжістің бөлінуі көп мөлшерде, сары немесе сары-жасыл түсті, қышқыл иісті, кейде көпіршікті. Жиілігі тәулігіне 3-5-тен 15-20 ретке дейін, жеңілдік әкеледі.
Ауру адамда ішінің қатты толғақ тәрізді, белгілі бір локализациясы жоқ ауыру сезімі пайда болады. Пальпация кезінде ішінің кепкені, диффузды ауырсыну, перистальтиканың күшеюі байқалады. Дәл осы белгілер, бірақ әлсіз түрде сигма тәрізді ішекті пальпациялағанда да анықталады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймайды.
Қабырғалық асқорытудың бұзылысы мен ішектің гипермоторикасы, астың қорытылуы мен сіңуінің бұзылыстарына әкеледі Соңдықтан копроскопия кезінде қорытылмаған бұлшық ет талшықтары, бейтарап майлар, крахмал дәндері кездесуі мүмкін.
Гастроэнтериттік синдромда тоқ ішекте патологиялық үрдіске екіншілік түрде дамиды, яғни аш ішекте сіңбеген және қорытылмаған тағамдардың тез уақытта тоқ ішекке өтуі. Бұл кезде оң жақты колиттің көріністері байқалады.
Энтероколиттік синдром кезінде тоқ ішек бірінші болып зақымдалады, энтерит белгілері қосылып жүреді. Ішінің ауыруы көбіне төменгі немесе сол жақ мықын аймағында болады.
Пальпация кезінде сигма тәрізді ішектің жиырлуы және ауырсыну сезімі байқалады. Қозғалғыштығы сақталған. Дәреті тәулігіне 15-20 рет болуы мүмкін. Аз мөлшердегі нәжісінде шырышы көбірек және қан қосындылары кезігеді. Копроскопиялық зерттегенде шырыштан басқа лейкоциттер (15-20 көру аймағында) және эритроциттер анықталады.
Тағамдық токсикоинфекция кезінде сирек түрде колиттік синдром дамуы мүмкін: көбінесе тоқ ішектің дистальді аймағының зақымдалуы болады.
Асқазан, ішек және басқа асқорыту мүшелерінің зақымдалуымен қатар ТТИ кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінде де өзгерістер болады: жүрек тондарыньщ бәсеңдеуі, тахикардия (сирек-брадикардия), артериальды гипотония.
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бүзылысынан және су-электролитті дисбаланс салдарынан науқаста жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Оның клиникалық көріністері: олиго-немесе анурия, анорексия, жүрек айну, құсу, әлсіздік, бас ауыру. Қанды зерттегенде - азотемия және декомпенсациялық метаболитті ацидоз.
Аурудың ауырлық дәрежесі және емдеу тактикасын таңдау көбіне су-электролиттік бүзылыс синдромына байланысты. Улану, сусыздану және су-электролитті дисбаланс көп жүйелі бүзылыстық және патогенездің негізі болып табылады. Науқастағы гиповолемия бір жағынан суды көп жоғалтудан болса, екінші жағынан — қанның капил-ляр жүйесі бойынша тарылуының бұзылысынан болады. Аурудың ауыр дәрежесінде сусыздану тотальді түрде жайылады — жасушаішілік және жасушааралық сұйықтықтың жетіспеушілігі болады.
Қанды зерттегенде нейтрофилді лейкоцитоз, таяқша ядролы ығысуымен, ЭТЖ-ң орташа жоғарылауы байқалады..
Науқастың тері жабындылары бозғылт, кейде цианоз, аяқ- қолының мұздауы байқалады. Тілі ақшыл- сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында, кейде кіндік айналасында ауыру сезім анықталады.
Жүрек-қантамырлар жүйесі де зақымдалады: брадикардия (гипертермия кезінде –тахикардия); қан қысымының төмендеуі, систолалық шуыл, тондардың бәсеңдеуі. Кейбір жағдайларда коллапс пайда болады, құсу және іш өту жиі болса, дегидратация, деминерализация, ацидоз белгілері дамиды.
Шеткі қан анализінде лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы.
Ауру көбінесе 1-3 күн өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |