Клиникалық көріністері. Аурудың субклиникалық, жедел, созылмалы түрлерін ажыратады. Созылмалы түрі үздіксіз немесе рецидивті ағымымен сипатталады. Балантидиаздың ошақтарында балантидияларды тасымалдаушылық кездесуі мүмкін.
Субклиникалық түрінде аурудың көріністері болмайды, эндоскопиялық зерттеу кезінде катаральды-геморрагиялық немесе жаралы колит анықталады. Шеткі қанда эозинофилия, бауырлық биохимиялық сынамаларының бұзылыстары анықталуы мүмкін.
Жедел түрінде жалпы интоксикациялық синдроммен колиттің көріністері дамиды.
Олардаң айқындылығына байланысты аурудың жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлерін ажырату керек.
Инкубациялық кезең 1-3 апта, одан да қысқа болуы мүмкін.
Ауру жедел басталады: қызба, бас ауыруы, жүрегі айну, көптеген құсулар, әлсіздік, іштің өте қатты ауруы және диарея. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, жиі қан мен ірің аралас, шірік иісті, тәулігіне 3-5-тен 15-20 ретке дейін болады. Аурудың жедел сатысының ұзақтығы 2 айға созылуы мүмкін. Еңбекке қабілеттілік төмендейді, дене салмағы азаяды.
Адекватты ем қолданбағанда ауру созылмалы түріне ауысады.
Созылмалы түрі 5-10 және одан көп жылдарға созылуы мүмкін. Созылмалы рецидивті түрінде аурудың өршу кезеңі (1-2-3-4 апта) ремиссия кезеңімен (3-6 ай) ауысып тұрады. Созылмалы үздіксіз түрінде ауру монотонды, жалпы улану симптомдарымен, ішектік көріністерімен бірнеше жыл бойы өтеді. Этиотропты ем тағайындалмағанда кахексия дамуы мүмкін.
Асқынулары.
Жедел аппендицит
Ішектен қан кету
Перитонит
Достарыңызбен бөлісу: |