Қасаң қабықтың бөгде заттары Клиникасы. Қасаң қабықтағы бөгде заттың болуы ауырсынумен, жас ағумен,блефароспазммен, жарықтан қорқумен, бөгде затты сезілумен жүреді. Қарағанда бөгде зат анықталып, конъюнктива, қабағы мен көз алмасының қызаруы байқалады.
Шұғыл көмек
Жергілікті жансыздандыру: 0,25% дикаин ерітіндісімен, 2-4% лидокаин немесе 0,1% инокаин. Беткей орналасқан бөгде затты ылғалды тампонмен алып тас-тайды. Алып тастағаннан кейін 30% расульфацил, 0,25% левомицитин немесе 0,3% нормакс ерітінділерімен инсталяция жасайды. Қабақ ішіне 1% тетра-циклин немесе левомицитин көз майын жағады. Кейін амбулаторлы жағдайда окулист консультациясына жіберіледі. Егер бөгде зат қасаң қабыққа еніп, оны алу қиын болса, науқасқа жедел мамандандырылған көмек көрсету керек.