Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Кесте 15. Жағымсыз әсерлерге әкелетін фармакодинамикалық өзара әсерлесу



бет45/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кесте 15. Жағымсыз әсерлерге әкелетін фармакодинамикалық өзара әсерлесу


1-ші препарат

2-ші препарат

Өзара әсерлесу нәтижесі

Миорелаксанттар

Аминогликозидтер

Кураретәрізді әсердің артуы, өйткені екі бағанадағы препараттардың барлығы жүйкебұлшықеттік өткізгіштікті тежейді

Опиоидтар

Нейролептиктер

Тыныс алу орталығының қызметін тежейді

Алкоголь

Изониазид

Парацетамол



Препараттардың гепатотоксикалық әсері артады

Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) тежеуші ДЗ

Бензодиазепиндер

Барбитураттар

Н2-рецепторлардың антагонистері


ОЖЖ концентрация, ескеру қызметтері нашарлайды

Үшциклды антидепрессанттар

Адреномиметиктер

Гипертониялық криз

Үшциклды антидепрессанттар

М –холиноблокаторлар

Зәрдің тоқтауы

β-адреномиметиктер

Галотан

Экстрасистолия

β-адреноблокаторлар

Верапамил

Дизопирамид

Дилтиазем


Кері инотропты, хромотропты, дромотропты әсерлердің күшеюі

Ілгектік диуретиктер

Аминогликозидтер

Ототоксикалық қасиет


ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРІ

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша, ДЗ жанама әсері немесе ДЗ жағымсыз әсері дегеніміз – бұл ДЗ ауруларды алдын-алу және емдеу үшін ұсынылған мөлшерде қолданғанда дамыған кері әсерлер.

ДЗ жанама әсерлерін есепке алу өте күрделі мәселе болып табылады, өйткені, көп реакцияларды жанама әсер деп бағаламайды, бағалаған күннің өзінде тіркеп, тиісті орталықтарға хабарлама жібермейді.

Көптеген елдерде жанама әсерлерді тіркеп, сараптама жасайтын арнайы орталықтар бар. Бұл аймақтық орталықтардың жұмысын Ұлттық орталықтар бақылап отырады. БДҰ ұйғарымы бойынша Швецияда ДЗ сирек кездесетін жанама әсерлерін тіркейтін біріккен халықаралық орталық бар, бұл орталық әр елдің дәрігерлері жіберген жанама әсерлерді есепке алып, мәліметтер базасын құрастырады.

ДЗ жанама әсерлерін анықтауда тіркеуге дейінгі зерттеулер негізгі ақпарат көзі болып табылады, бірақ, бұл зерттеулерге қатысатын науқастардың саны аз болғандықтан (бірнеше мыңдаған) және ДЗ қабылдау ұзақтығының қысқалығына байланысты барлық жанама әсерлерді анықтап үлгермейді. Сондықтан да, көптеген ауыр жанама әсерлер ДЗ тіркеген соң, маркетингтен кейінгі кезеңде анықталып жатады. Мұндай жанама әсерлерді тіркеуге алу дәрігерлердің мойнына жүктелген, бірақ көп елдерде дәрігерлер оған қажетті жауапкершілікпен қарамайды.

1976 жылы Вере ДЗ жанама әсерлерінің негізгі аурудың клиникалық көрінісін бұрмалайтындығын дәлелдеп, жанама әсерлердің анықталмауының 5 негізгі себептерін атап көрсетті:



  1. Жанама әсерлер көбіне кездейсоқ дамиды және ДЗ қабылдаумен байланысын анықтау қиынға соғады.

  2. Кейбір ДЗ салдарынан туындаған жанама әсерлер негізгі аурудың көрінісін беруі мүмкін.

  3. Жанама әсерлер ДЗ қабылдауды тоқтатқан соң, уақыт өте дамуы мүмкін.

  4. ДЗ негізгі аурудың қайталануын (рецидив) тудыруы мүмкін.

  5. Науқастың негізгі ауруы тым күрделі болса, ДЗ жанама әсерін байқау қиынға соғады.

Көптеген жанама әсерлер ДЗ қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты дамиды (кесте 16).

Кесте 16. Жанама әсерлердің ДЗ қабылдаған уақыт пен мөлшеріне байланысты жіктелуі

Реакция типі

Сипаттамасы

Мысалдар

Науқастарды жүргізу тактикасы

Мөлшерге тәуелді

(dose-related)



  • жиі кездеседі

  • ДЗ фармакология-лық әсерімен байланысты

  • болжанады

  • өлімге сирек ұшыратады

  • дигоксиннің токсикалық қасиеті

  • МАО қайтып ұсталынуын тежейтін препараттарды тағайындағанда дамитын серотонинді синдром

  • үшциклды антидепессанттар-дың антихолинэстеразды әсерлері

  • мөлшерін төмендету немесе препаратты енгізуді тоқтату

  • қосалқы терапияның әсерлерін қайта қарастыру

Мөлшерге тәуелсіз

(non-dose-related)



  • сирек кездеседі

  • ДЗ фармакология-лық әсерімен байланы емес

  • болжанбайды

  • өлімге жиі ұшыратады

  • пенициллинге дамыған аллергиялық реакция

  • жалған аллергиялық реакциялар

  • идиосинкразия

  • болашақта бұл ДЗ қолданудан бас тарту




Мөлшерге және уақытқа тәуелді

(dose-related and time-related )



  • сирек кездеседі

  • ДЗ кумуляция-лануы мен мөлшеріне байланысты

  • глюкокортикоид-тардың гипоталамо-гипофизарлы жүйені тежеуі



  • мөлшерін төмендету немесе препаратты енгізуді тоқтату

  • терапияны біртіндеп тоқтату

Уақытқа тәуелді

(time-related )



  • сирек кездеседі

  • әдетте ДЗ мөлшеріне байланысты

  • медикаментозды терапияны бастаған соң біраз уақыттан кейін пайда болады

  • канцерогенез

  • кеш (тардивті) дискенезия

  • жиі қаитымсыз немесе емі

қиынға түседі


Жойылу реакциясы

(withdrawal )



  • сирек кездеседі

  • медикаментозды терапияны тоқтатқан соң дамиды

  • опиаттарды тоқтатқанда дамитын синдром

  • β-блокаторларды тоқтатқанда дамитын синдром

  • қайта тағайындап, біртіндеп тоқтату

Сәтіз аяқталған ем

  • жиі кездеседі

  • мөлшерге тәуелді

  • жиі ДЗ өзара әсерлесуі салдарынан туындайды

  • оральды контрацептив-терді ұтымсыз мөлшерлеу, әсіресе микросомальды ферменттердің индукторларын қолданғанда

  • мөлшерін дұрыстау

  • қосалқы терапияның әсерлерін қайта қарастыру

Кездесу жиілігі бойынша FDA келесі жіктелуді ұсынады:

  • жиі кездесетін жанама әсерлер (100 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 1% артық)

  • жиі кездеспейтін жанама әсерлер (100-1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1-1% жиілік)

  • сирек кездесетін жанама әсерлер (1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1% жиілік)

ДЗ жанама әсерлерінің 4 түрі бар:

  • А-типті – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты, кез-келген адамда кездесетін, жиі дамитын, болжамалы реакциялар;

  • В-типті – тек сезімтал адамдарда кездесетін сирек, болжауға келмейтін реакциялар.

  • С-типті – ұзақ уақытқа созылған терапиямен байланысты реакциялар (ДЗ тәуелділік).

  • D-типті – ДЗ канцерогенді, мутогенді және тератогенді әсерлері (кесте 17).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет