в) Өңеш актиномикозы басқа денедегі актиномикоздан жайылады. Диагнозды анықтауда және оны өңеш қатерлі ісігінен, мерезден айыру үшін биопсияның маңызы зор.
Емдеу - рентгенді терапия, және йод препараттарын ішкізу.
5. Өңештен кан ағуы
Өңештен қан ағуының келесі себептері бар:
1) Өңеш қан тамырларының кеңеюі.
2) Өңештің сыртқы қан тамырларының жарақаттануы.
3) Өңеш қабырғаларынан аққан қанның өңешке құйылуы.
4) Өңештің шіріген ісіктерінің қанауы.
5) Өңеш ойық жарасының қанауы.
Аталған себептер арасында ең жиі өңеш қан тамырларының варикозды кеңеюі. Варикозға бауырдың атрофиялы (Лаеннек) циррозы салдарынан портальды венадағы қысымның көтерілуі ұшыратады, бұнымен қатар бауыр мерезі және қақпа көк тамырының тромбозы да себеп болады.
Өңештен қан ағу еш белгісіз басталады. Кейде көмекей қышынады, ауыздың демі бұзылады, одан соң қоңырқай түсті көпіршіксіз қан құсады. Егер өңештен аққан қан алдымен қарынға ағып, одан соң құсықпен шықса ол ұйып шығуы мүмкін. Көп-мөлшерде қан ақса - анемияның жалпы көріністері (бас айналуы,әлсіреу, шөлдеу, дене бозаруы, қан қысымы төмендеуі т.б.) байқалады.. Диагнозды анықтау (қан ағуы өңештен немесе қарыннан ба?) анамнездің және бауырды тексерудің көмегімен анықталынады.
Емдеу консервативті – қан ағуын бәсендететін белгілі жалпы және жеке тәсілдерге қоса Блекмор зондын жұтқызу орындалады. Өңешке енгізілген зондтың манжеткасын ауамен толтырғанда, онымен варикозды кеңейіп жыртылған қан тамырлары қысылып қан ағуы тоқтайды.
Консервативті тәсілдер нәтиже бермегенде Гэрлок (Garlok) операциясы (кейінгі көкірек арқылы өңешті дәкелі тампонмен қысу) ұсынылған.
Өңештің қан тамырын байлау. Бұлардан басқа өңештен қан ағуының алдын алатын көмекші операциялар (спленэктомия), бауыр артериясын байлау, порто-кавальды анастомоз, немесе спленоренальды анастомоз, Пальма операциясы - іштің шарбы майын іштің бетіне, бауырға тігіп бауырдың қан айналысын жақсарту ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |