Жарықпен ауыратындарды емдеу - жарықтың тек операциямен емделетіндігі жоғарыда айтылды.
Көне заманнан бері операцияның көптеген тәсілдері ұсынылды. Олардың кейбіреулері қазіргі уақытта қолданылмайды.
Мысалы, инъекциялы операциялар. Бұл үшін жарық қапшығының ішіне спирт, йод, хлор ерітіндісі егіледі. Аталған препараттар асептикалы қабыну туғызып, оның әсерінен жарық қапшығы жабысып, қуыс бітеледі деп есептеледі. Тәсіл науқас өміріне өте қауіпті асқынулар береді. Егер препараттар қапшық ішіне емес іш қуысына егілсе, инемен ішек тесілсе ауыр перитонитке ұшыратады. Бұнымен қатар инъекцияларды қайталап орындау қажет. Аталған жағдайлар инъекциялы тәсілден аулақ болуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |