Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/96
Дата03.06.2020
өлшемі1,25 Mb.
#72226
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96
Байланысты:
Әлиханова Мүгедектерді медициналық-әлеуметтік

2. 
МЕДИЦИНАЛЫҚ 

ӘЛЕУМЕТТІК 
САРАПТАМАДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР 
 
Еңбекке  уақытша  жарамсыздық  –  ауру  салдарынан  туындаған 
қызметтің  бұзылуы  мен  немесе  кәсіби  еңбек  етуге  кедергі  келтіретін 
жарақатпен  сипатталатын  кезіндегі  ағзаның  уақытша  немесе  қайтымды 
сипатқа ие жағдайымен анықталады. Бұзылған қызметтер қалыпқа келгеннен 
кейін    немесе  аз  ғана  қызмет  бұзылыстары  байқалған  кезде,  науқас  өзінің 
жұмысына немесе біліктілігі бойынша сәйкес жұмыс орнына қайтып барады. 
Еңбекке уақытша жарамсыздық толық немесе жартылай болуы мүмкін. 
Денсаулық  - бұл тек қана физикалық ақау мен аурудың жоқ болуы  ғана 
емес,  сонымен  қатар  физикалық,  рухани  және  әлеуметтік  әл-ауқатпен  толық 
қамтамасыз етілген жағдайы.  
Мүгедек  –  ағза  қызметінде  тұрақты  бұзылысы  бар,  аурудың  немесе 
жарақат алудың нәтижесінде, өмір бойы немесе ұзақ уакытқа еңбек қабілетін 
(толық немесе жартылай) жоғалтқан және әлеуметтік қамтамасыз етуді қажет 
ететін адам.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет