Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан



бет130/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан 
                Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу

      Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi. Z010148 , Z000132

__ 290 ____________________

      256-бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау 


                органдарының қызметкерлерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Республикалық ұланда, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде және әскери-тергеу органдарында, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын адамдар жатады.
      3. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
      Ескерту. 256-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 № 279-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 291 ____________________

      257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк
                және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң
                еңбегiн реттеу

      Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.


      Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 926 ____________________

      257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет