Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


тергеп-тексеру ерекшелiктерi



бет167/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                тергеп-тексеру ерекшелiктерi

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комиссия мына құрамда жүргiзедi: 


      төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы; 
      мүшелерi - жұмыс берушi және қызметкерлердiң өкiлi. 
      2. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi. 
      3. Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор кiредi. 
      Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия мүшесi болып табылады. 
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi. 
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кiшi комиссиялар құруға құқылы. 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлi улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актiсiмен ресiмделедi. 
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерiнде кез келген бiреудiң немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. 
      8. Ұйым объектiлерiндегi жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттiң және басқа да жағдайлардың нәтижесiнде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) iздеудiң тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия авариялық-құтқару бөлiмшесi басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негiзiнде айқындайды.
      Ескерту. 325-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 371 ____________________

      326-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
                материалдарын ресiмдеу және оларды есепке алу

      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады. 


      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлi де қол қояды. 
      Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады. 
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресiмделуге тиiс. 
      Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн процентпен айқындайды. 
      Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның бiр мүшесi комиссияның (көпшiлiктiң) қорытындысымен келiспейтiн болса, ол өзiнiң дәлелдi пiкiрiн тергеп-тексеру материалына қосу үшiн жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актiсiне "ерекше пiкiрге қара" деген сiлтеме жаза отырып, қол қояды. 
      4. Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға немесе оның сенiмдi адамына жазатайым оқиға туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс берушiмен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi - мемлекеттiк еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткiзгiште жiберiледi. 
      Улану жағдайында актiнiң көшiрмесi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органға да жiберiледi. 
      5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. 
      6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен қаралады. 
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi. 
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен кешiктiрмей хабарлайды. 
      8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес берiледi.
      9. Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      10. Жұмыс берушi немесе оның өкiлi уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тiркелген жердегi) хабарлайды. 
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұмыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс. 
      12. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актiсiмен қатар: 
      1) зардап шеккен адамның еңбектi қорғау жөнiнде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулерден өткенi туралы мәлiметтер;
      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерiнiң, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсiнiктемелерi; 
      3) оқиға болған жердiң жоспарлары, схемалары мен фотосуреттерi; 
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын регламенттейтiн нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актiлерден үзiндi көшiрмелер, өндiрiстегi салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың мiндеттерi және басқалар; 
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлiмге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды; 
      6) зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердiң, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелерi және тағы сол сияқтылар; 
      7) бас мемлекеттiк еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса); 
      8) жұмыс берушiге келтiрiлген материалдық залал туралы мәлiметтер; 
      9) жұмыс берушiнiң зардап шеккен адамға (отбасы мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және жол берiлген оқиғаға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы; 
      10) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуға тиiс. 
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.
      Ескерту. 326-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 372 ____________________

      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет