Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi



бет176/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi

      1. Қызметкерлерiнiң саны елуден асатын өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын сақтау үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi ұйымның тiкелей бiрiншi басшысына немесе ол уәкiлеттiк берген адамға бағынатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады.

__ 913 ____________________       2. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi туралы үлгi ереженi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлейдi.

__ 914 ____________________       3. Қызметкерлерiнiң саны елуге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi маман лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi.

__ 915 ____________________       4. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-тармағында көрсетiлген маман:

__ 916 ____________________       1) өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге және қарауға;

__ 917 ____________________       2) қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнде өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк ауруларды болдырмау жөнiндегi алдын алу iс-шараларының әзiрленуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

__ 918 ____________________       3) ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне анықталған еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шара қолдану туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.

__ 919 ____________________       5. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-тармағында көрсетiлген маман:

__ 920 ____________________       1) ай сайын ұйымдарда өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың жай-күйi мен себептерiн талдауды жүргiзуге және олардың алдын-алу iс-шараларын әзiрлеуге;

__ 921 ____________________       2) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша ұйымның қызметкерлерiн оқытуды, олардың бiлiмдерiн тексерудi ұйымдастыруға;

__ 922 ____________________       3) ұйымдарда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


      Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 923 ____________________

      339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
                  қорғау жөнiндегi комитет (комиссия)

__ 924 ____________________

      1. Жұмыс берушiнiң және (немесе) қызметкердiң не олардың өкiлдерiнiң бастамасы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушiнiң өкiлдерi, кәсiподақ ұйымының өкiлдерi немесе қызметкерлердiң уәкiлеттi өкiлдерi тең құқылы негiзде кiредi.

__ 925 ____________________       2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия) жұмыс берушi мен қызметкерлердiң еңбектi қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың алдын алу жөнiндегi бiрлескен iс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектiң қорғалуына тексеру өткiзудi және қызметкерлердi көрсетiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы хабардар етудi, ұжымдық шарттың (келiсiмнiң) еңбектi қорғау туралы бөлiмiне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.


      Ескерту. 39-тарау 339-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 388 ____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет