алынбаған жалақыны беру
Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi.
__ 855 ____________________
10-1-тарау. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi
Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 856 ____________________
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
__ 857 ____________________
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
__ 858 ____________________ 1) ұлттық бiлiктiлiк жүйесi – мамандардың бiлiктiлiгiне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетiктерiнiң жиынтығы;
__ 859 ____________________ 2) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
__ 860 ____________________ 3) салалық бiлiктiлiк шеңберлерi – салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
__ 861 ____________________ 4) кәсiби стандарт – кәсiби қызметтiң нақты саласында бiлiктiлiк деңгейiне және құзыреттiлiкке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
__ 862 ____________________
138-2-бап. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң құрылымы
__ 863 ____________________
Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi мыналарды:
__ 864 ____________________ 1) ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн;
__ 865 ____________________ 2) салалық бiлiктiлiк шеңберлерiн;
__ 866 ____________________ 3) кәсiби стандарттарды;
__ 867 ____________________ 4) маманның кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растауды қамтиды.
__ 868 ____________________
138-3-бап. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi
__ 869 ____________________
1. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi кәсiби қызметтiң жалпы сипаттамаларын әрбiр бiлiктiлiк деңгейi үшiн сипаттаудан тұрады.
__ 870 ____________________ 2. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп жүргiзедi.
__ 871 ____________________
138-4-бап. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi
__ 872 ____________________
1. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi ұлттық бiлiктiлiк шеңберi негiзiнде экономикалық қызметтiң нақты саласында әзiрленедi.
__ 873 ____________________ 2. Салалық бiлiктiлiк шеңберi салада орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiне және пайдаланылатын бiлiм, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды жiктейдi.
__ 874 ____________________ 3. Салалық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүргiзедi.
__ 875 ____________________
138-5-бап. Кәсiби стандарттар
__ 876 ____________________
1. Кәсiби стандарттарды әзiрлеудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
__ 877 ____________________ 2. Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен келiсiм бойынша айқындайды.
__ 878 ____________________ 3. Кәсiби стандарттарды бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша олар белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
__ 879 ____________________ 4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Кәсiби стандарттар тiзiлiмiн жүргiзудi өзi белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырады.
__ 880 ____________________
138-6-бап. Мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және
бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау
__ 881 ____________________
1. Маман құзыретiнiң сәйкестiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау негiзiнде айқындалады.
__ 882 ____________________ 2. Мамандардың бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау және бiлiктiлiгiн беру тәртiбiн бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлер бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүзеге асырады.
__ 154 ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |