Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы



Pdf көрінісі
бет107/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   127-бап. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы 
төлемдері 
      1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне 
келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
 
      2. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:
 
      1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін 
тәуліктік төлемдер;
 
      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
 
      3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
 
      3. Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық 
шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
 
      4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек 
жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған 
болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға 
барудан бас тартуға құқылы.
 
      5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде 
мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж 
болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп 
отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
 
 
 
   127-1-бап. Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет