168-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге қол жеткізуінің салдарлары 1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе
онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда аяқталмаған татуластыру
рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды шешудiң шарттары
болып есептеледi.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда
ресiмделедi.
2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл
жарияланған болса, оның тоқтатылуына алып келеді.