3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын
және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің
жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорынан үзінді көшірмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан мәліметтер;
8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама
жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: