субъектілері арасындағы келісімге қолданылмайды.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы басқа заңды
тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше
заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
7. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды
жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру
құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына
қолданылмайды.
8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген
келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу
үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында
бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай
келiсiмдер өз нәтижесiнде:
1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық)
прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатынын не әлемдiк тауар
нарығында тараптар өндіретін тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе
арттыра алатынын;
2) тиiстi тұлғалардың осындай әрекеттер жасауынан иеленетiн артықшылықтардың
(пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін
дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: