Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан



Pdf көрінісі
бет197/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан
 
               Республикасының бәсекелестікті қорғау
 
               саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру
 
               нәтижелері бойынша шешімдері
 
      1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы 
қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган:
 
      1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуын тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату
 
       2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; 
 
       3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 
бұзылуын жою туралы ұйығарым шығару; 
 
      4) материалдарды қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беру туралы 
тиісті шешім (шешімдер) қабылдайды.
 
      2. Тергеп-тексеру аяқталуынан кемінде жеті жұмыс күні бұрын мерзімде тергеп-
тексеру объектісі өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы 
(лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын 
бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу 
комиссиясының қарауына шығарады.
 
      Келісу комисссиясы енгізілген қорытынды жобасын ол енгізілген күннен бастап 
күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа 
шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау 
саласындағы заңнамасының бұзылу фактілердің онда келтірілген дәлелдемелердің сапасы 
нысанына қарайды.
 
      Қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша келісу комиссиясы жұмыс үшін лауазымды 
адамға (лауазымды адамдарға) жіберілетін өз ескертпелері мен ұсынымдарын енгізеді.
 
      Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның 
қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісі тарапын қоса алғанда, тәуелсіз 
сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.
 
      3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан 
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру 
нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы деп есептеледі.
 
      Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесі қол қойылған күнінен 
бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тергеп-тексеру объектісіне тапсырылады немесе 
хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
 
       4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 


бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған 
күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның 
бұйрығымен ресімделеді. 
 
      5. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі 
тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қоса тіркей отырып, қол қойылған күнінен 
бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе 
хабарламасы бар хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы нақ сол 
мерзiмде хабарланады.
 
      6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа қол 
қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісі анықталған 
кез деп есептеледі.
 
      7. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту 
туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген 
тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет