Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды



Pdf көрінісі
бет41/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
 
              тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың
 
              филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектілеріне 
жататын заңды тұлғалар өздерінің құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, 
қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
 
      2. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Қазақстан 
Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға 
құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.
 
      3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік 
тіркеуді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды 
қоспағанда, әділет органдары жүзеге асырады.
 
      4. Кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) 
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен 
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет