Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін



Pdf көрінісі
бет92/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

109-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін
 
               енгізу және оның күшін жою тәртібі
 
      1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-
қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана 
енгізіледі.
 
      2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік 
органдар, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 
белгіленген жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала 
жүргізуге тиіс.
 
      3. Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекетке (операцияға) 
қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген кезде рұқсат алу міндеті қызметті немесе әрекетті 
(операцияны) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінде рұқсат алу тәртібін 
регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін 
нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайды.
 
      4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын 
және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар 
тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.
 
      Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекеттерге 
(операцияларға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат 
алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) 
өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін 
нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер 
қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алуға өтініш беруге 
құқылы.
 
      Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша 
рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді бас тартуды рұқсат беру органдары осы 
тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа 
енгізілгеннен кейін оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүзеге 
асыруға тиіс.
 
      5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 
белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш 
берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас 
тартылғанға дейін рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) 
рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
 
      6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою «Рұқсаттар және 
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген 
рұқсаттар және хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы 
жүзеге асырылады және кәсіпкерлік субъектісінің қызметті немесе әрекетті (операцияны) 
рұқсаты болмай немесе хабарлама жібермей жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
 


      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет