1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға
қабылдау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика
Президентіне Республика Премьер
-
Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
3-
1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 22.06
республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми
хабарлама жарияланды)
3-
1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс
депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс
Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1
Заңымен
57-
бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: