Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата18.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#143760
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі «мектепке де

3.
 
ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАРМЕН 
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ 
БЕРУ 
ПРОЦЕСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтарды
ұйымдастыру (қашықтықтан, кезекші топта, қалыпты 
жағдайдағы) нысандары өңірлердегі санитариялық-
эпидемологиялық жағдаяттарға байланысты айқындалады. 
 
1) қашықтықтан сабақтар (консультациялар) өткізу; 
2) мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі – МДҰ) 
кезекші топтармен және мектепалды сыныптарында 
(кезекші сыныптар) сабақтар өткізу. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қашықтықтан оқыту 
форматындағы сабақтарда (консультациялар) – үй жағдайында оқытуда, ата-
аналардың басшылығымен балалар педагогтердің тапсырмаларын үйренеді 
және орындайды. 


10 
Кезекші топтармен (сыныптар) сабақтар өткізу – тиісті аумақтардың Бас 
мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті 
атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитариялық талаптарды 
сақтай отырып, оқу-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру нысаны. 
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру 
Кезекші топтарға қамтылмаған ерте, кіші жастағы балалар үшін 
қашықтан сүйемелдеу ұйымдастырылады, онда педагогтер мен тәрбиешілер 
ата-аналармен телефон арқылы және әлеуметтік желілер арқылы үнемі 
байланыста болады, оларға оқшаулау режимінде мектеп жасына дейінгі 
балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша және ата-
аналардың балаларды өз бетінше оқытуын ұйымдастыру туралы кеңес береді. 
Кезекші топтарға қамтылмаған орта, ересек және мектепалды жастағы 
балалар үшін аптасына 2 рет ұзақтығы 15 минуттан аспайтын қашықтық
форматындағы ойын түріндегі сабақтар (консультациялар) өткізіледі.
Қашықтықтан сабақ ұйымдастыру үшін педагог балалардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес, баланың өз бетінше орындауы үшін немесе ата-
анасымен бірлесіп орындауы үшін ойын түріндегі тапсырмаларды алдын-ала 
дайындайды. Мысалы, сурет салудан саусақпен, мақтамен, жүнмен және т.б. 
сурет салудың әдістерін көрсете отырып, алдын-ала дайындалған бейне 
материалды ұсынуға болады. Сөйлеуді дамыту мен көркем әдебиеттен 
алдын-ала шығарманы, өлеңді оқып, сол аудио жазбаны қайталап айтуға, ал 
математика негіздері мен құрастырудан түрлі сюжетті-рөлдік және басқа да 
ойындар арқылы тапсырмалар ұсынуға болады. Ата-ана мен баланың 
бірлескен әрекетін ұйымдастыруда түрлі челлендждер, жарыстар 
ұйымдастыруға болады. 
Ата-анасы жұмыста болған жағдайда, тәрбиешіге алдын-ала әзірленген
материалды балалар мен ата-аналардың бірлесіп орындауы үшін әлеуметтік 
желідегі (WhatsApp, Facbook, Instagram және т.б.) топтарға жіберу 
ұсынылады. 
Қашықтықтан оқыту үшін білім беру интернет-платформаларын, 
сондай-ақ электрондық поштаны және басқа байланыс құралдарын 
пайдалану ұсынылады. 
Оnline.edu.kz, BilimKids білім беру платформаларында балалардың жас 
ерекшеліктеріне 
сәйкес 
әзірленген 
мультфильмдер, 
аудиожазбалар, 
бейнесабақтар үлгілері, сонымен қатар мектепалды даярлыққа арналған 
бейне сабақтар орналастырылған парақшалар ашылған. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын 
ұйымдастыру 
Кезекші топтардың жұмысы ата-аналардың (балалардың 
заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде санитариялық 
талаптарды қатаң сақтаған кезде жүзеге асырылады.
Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар 
арқылы қабылданады.
Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) 


11 
өтініштері негізінде толымдылығы 15 балаға дейінгі кезекші топтар 
құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет