108
ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға
негіз болады.
9. Күрделендіру ұстанымы: әр бір топ ең төменгі қарапайымнан, ең
жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материалды қағаз жүзіндегі
күрделілік, оның психоголиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді.
Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысына
ұсынылатын материал немесе ой жаттығулар жағымды эмоционалды әсер
қалдыру
қажет.
Коррекция
жұмысының
құрылым
бағдарламасы
психололгиялық дәлелді болу шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен
диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, обьективті кешенді бағалауына
байланысты болады.
10. «Жоғарыдан төмен » коррекциялық ұстанымы: Л.С.Выготский ұсынған
коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс
әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму
аумағын құрудан тұрады.
11.
«Төменнен
жоғарыға»
коррекциялық
ұстанымы: коррекция
жұмысының жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының
басты міндеті мінез құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту.
Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады.
Алдымен тәжірибелік психолог маман индивидті жеке қабылдаған жөн, себебі
жеке және дара ерекшелігімен этностық , әлеуметтік, мәдени көзқарасын
анықтау мен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін,
қосымша пікірлер қажеттілігін сезінгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.
Танымдық процестерге психокоррекциялық жаттығулар.
Психокоррекциялық жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-
құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында
қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады.
Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде
баланы асықтырудың қажеті жоқ, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап
отыру шарт.
Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық,
эхмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен олйынның төрт түрі: сюжетті
ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік ойын, және режиссерлік ойындар
қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы
тақырып бойынша зор ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізген (Л.А. Венгер,
Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, В.В. Холмовская, т.б.). психологтардың назарын
таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді
дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау,
сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектепте
табысты оқуға дайындық жасауға ықпал етеді.
Бала психикасының дамуына орта көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі
баланың жекелілігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық
ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.
Шынайы
өмірде
мектепке
дейінгі
балаларда
құрдастарының
ортасында
Достарыңызбен бөлісу: