Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет26/181
Дата14.09.2023
өлшемі3,39 Mb.
#181011
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ (1)

мемлекеттік рәміздерге
құрметпен қарауды насихаттау маңызды. 
Жалпы мектептік іс-шараларға мыналар кіреді: 
- ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар; 
- еліміздегі атаулы күндер мен маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар; 
- оқу жылының басталуына, аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар; 
- олимпиадалардағы, спорттық және шығармашылық конкурстар мен 
жарыстардағы жетістіктері үшін білім алушылар мен педагогтерді марапаттау 
рәсімдері; 
- оқушылар мен педагогтардың бастамасы бойынша ұйымдастырылған 
флешмоб акциясы; 
- мектептегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға арналған іс-
шаралар; 
- отбасылармен және мектеп серіктестерімен бірлесіп өткізілетін іс-
шаралар; 
- білім алушылар мен педагогтердің қатысуымен көшпелі іс-шаралар. 
Жалпы мектептік салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар: 
- іс-шараларды өткізу кезінде шарларды, көгершіндерді аспанға 
ұшырмау; 
- барлық жалпы мектептік іс-шаралар түрлі компанияларды тартпай 
мектеп тарапынан тегін өткізіледі; 
- патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше 
көңіл бөлінеді. 

Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер 
«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 
жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі. 
Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың бір түрі-мектеп театрлары. 
Мектептегі театр үйірмелері білім алушылардың шығармашылық әлеуетін 
ашуға және эстетикалық талғамға ықпал етеді. Әр түрлі спектакльдерді 
дайындауға және қоюға қатыса отырып, білім алушылар әдеби шығармаларды 
тереңірек зерттеуге, костюмдер жасауда шығармашылық танытуға, сондай-ақ 
эмпатия, ынтымақтастық, эмоционалды интеллект сияқты әлеуметтік-
эмоционалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан білім беру 
ұйымдарына жетекшілік ету үшін мүдделі білім алушыларды, тілдік пәндердің 
педагогтерін, жергілікті театр әртістерін қатыстыра отырып, мектеп театр 
үйірмелерін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. 
Сонымен қатар, қазіргі заманғы мектеп тәрбие процесінде сабақтан тыс 
қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін 
іздеуді жүзеге асырады, олар: 

қайырымдылық әлеуметтік жобалар; 


42 

елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар; 

Ted форматындағы кездесулер;

кәсіби бағдар беру мақсатында шақырылған қонақтармен кездесулер; 

стартап-жобаларды қорғау;

мектеп подкастын жүргізу; 

мектеп газетін ұйымдастыру; 

мектеп серіктестерімен желілік байланыс. 
Мысалы, білім алушыларды «Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік 
жобасына, «Мектепке жол», «Biz birgemiz» акцияларын жүзеге асыруға кеңінен 
тартуға болады. 

Орта білім беру ұйымдарында волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру туралы 
толығырақ ақпарат «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және 
олардың қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» әдістемелік 
ұсынымдарында қамтылған (https://uba.edu.kz/qaz). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет