Элективті курстар негізіне тарихи дәуірге, мемлекеттерге, тарихи тұлғаларға, тарихи туындылар мен ұлт тарихшыларына арналған, шаруашылық- экономикалық, саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады. Элективті курс тақырыптары: «Алтын адам жәдігерлері»;
«Түркі ғұламалары»; «Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр»; «Ұлы дала көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі институттары, саяси нышандар мен билік атрибуттарының сабақтастығы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілік салты»; «Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері»; «Алаш идеясы және Алаш қозғалысы» курсы.
Оқу пәні мұғалімдерініңәдістемелік бірлестігінде қарастырылатынәдістемеліктақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақстан тарихы» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру
Факультативтік сабақтар мен элективті курстарды ұйымдастыру.
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі.
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген.