Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату



бет15/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi ҚР Парламентi жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
3. Рақымшылық беру
ҚР Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл акті белгілі бір әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты белгілеген әкімшілік заңдарды немесе сот пен уәкілетті органның шешімін жоймай-ақ әкімшілік жауаптылықты немесе жазадан босатады. Рақымшылықты беруді қолданудың өзі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіру болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдануыеа байланысты «Рақымшылық туралы» заңы қабылданса, 1994 жылы 5 қазанда «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы», 1996 жылы 15 маусымда «ҚР жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы», 1999 жылы шілденің 13-інде «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына бацланысты рақымшылық жасау туралы», 2000 жылы желтоқсанның 29ында « ҚР Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 10 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңдары қабылданды.
р ақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген әкімшілік құқық бұзушылықтың қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар; б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар; в) 1 және 2 топтағы мүгедектер; г) кәмілетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан ақан әйелдер босатылады.
1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзімінен қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан) кәмілетке толмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостандығынан айыруғы сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталмаған кәмілетке толмағандар; екіншіден 16 жасқа дейінгі балалар; 1 және 2 топтағы мүгедек балалар бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері; үшіншіден, 1941, 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан асқан әйелдер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтарын айырылған, 16 жасқа дейінгі балалары бар еркекетер босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет