Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтіру сатысы



бет44/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтіру сатысы.
Бұл ретте шағым беру құқығы өзі жөнінде қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне берілген. Қаулыға наразылық келтіруді прокурор жүзеге асырады.
Шағым мен наразылық: судьяның шығарған қаулысына – жоғары тұрған сотқа; орган /лауазымды адам/ шығарған қаулыға – жоғары тұрған органға /жоғары тұрған лауазымды адамға/ немесе аудандық және оған теңестірілген сотқа берілуі мүмкін. Егер шағым сотқа және жоғары тұрған лауазымды адамға бір мезгілде келіп түссе, оны сот қарайды.
Шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға /лауазымды адамға/ жіберіледі. Соңғылар олар түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде оларды істің бүкіл материалдарымен тиісті сотқа, жоғары тұрған органға /жоғары тұрған лауазымды адамға/ жіберуге міндетті. Шағым, наразылық, оларды қарауға уәкілетті сотқа, жоғары тұрған органға /жоғары тұрған лауазымды адамға/ тікелей берілуі не келтірілуі мүмкін. Судьяның әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа ол алынған күні жолдануға тиіс. Егер шағымды, наразылықты қарау судьяның, жоғары тұрған лауазымды адамның құзыретіне жатпайтын болса, олар ведомстволық бағыныстылық бойынша жіберіледі.
Шағым, наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін. Мерзімді өткізіп алған жағдайда шағымды қарауға құқылы сот, лауазымды адам, оның авторының өтініші бойынша, қалпына келтірілуі мүмкін. Шағымды, наразылықты қараудың мерзімі – олар келіп түскен күннен бастап он күн; бір тәулік әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға шағым, наразылық берілген кезден бастап, егер адам қамауға алуды өтеп жатса.
Белгіленген мерзімде шағым беру, наразылық келтіру, олар қаралғанға дейін іс бойынша қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Шағым бойынша жоғары тұрған лауазымды адамның қабылдаған шешіміне қанағаттанбаған жағдайда адам сотқа өтініш жасай алады.
Судья, жоғары тұрған лауазымды адам шағымды, наразылықты қараудың нәтижесі бойынша шешім қабылдайды. Олар бойынша: шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру; қаулыны өзгерту; қаулының күшін жою және қысқарту; қаулының күшін жойып, жаңа қаулы шығару; қаулының күшін жойып, істі ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, егер оған шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, шағым беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін; шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейін, егер ол қаулының күшін жоймаса, дереу заңды күшіне енеді.
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою өндіріліп алынған ақша сомаларын, алып қойылған және тәркіленген заттарды /немесе затты қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда олардың құнын/ қайтаруға әкеп соқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет