Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет51/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) ӘҚБтК-тің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) ӘҚБтК-тің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы ҚР заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі
1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама – заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және ҚР монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.
2. ӘҚБтК-тің834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмінiң өтуiне үзiліс жасалады. Бұл жағдайда ескіру мерзiмінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.
4. ӘҚБтК-тің888-бабына сәйкес қаулыны орындау кейiнге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулыны орындау ұзартылған кезде ескіру мерзiмінiң өтуi ұзарту мерзіміне ұзартылады.
891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау бойынша іс жүргізуді аяқтау
1. Жаза толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны орындаған орган қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.



Әдебиет:



  1. И.Н Оспанов Основы права Алматы 2019 «жеті жарғы»,328 с

  2. О противодействии коррупции, Закон РК, Алматы 2019

  3. Құқық негізері, Оспанов Қ.И., Алматы 2018

  4. Методические указания по дисциплине "Основы права", Ешмуратова, Г.В., Алматы 2013

  5. Конституция РК, Алматы 2012







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет