Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет45/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
1926 жылы 27-30 сөуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнерқәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелген аймақтардағы жазба байлыцтарың кең турде барлау қажеттігі кәрсетілді. қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнер-қәсіптік аудандастыру мен өнер-қәсіптің, ең алдымен, түсті металлургияның дамуының келешек жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ Қазақ АКСР-і жағдайында «әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнерқәсіпті кец тұрде әрістету» өмірлік қәжеттілік ретінде атап кәрсетілді.

Осы негізде өңдеу өнер-қәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқыңдалды. Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі қәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа кызмет еткізу бағытыңда басталғаның кәрсетеді.Бірнеше жылға созылған революция мен азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен қәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды.



Соның барысында Орал-Ембі аймағындағы бірнеше мұнай қәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру қәсіпорындары қайта жанданды. Әйтсе де, Қазақстан экономикасыңда олі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болып қала берді. Осыңдай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияга топтастыру саясаты жалғаса берді.Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар қазақстан экономикасының шикізат көзі ретінде дамуың одақ көлеміндегі еңбек бөлінісімен байланыстырып, мұндай бағыттағы даму Қазақстан Үшін да тиімді екендігін дәлелдеуге тырысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет