Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010



бет1/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Б.Ғ. НҰҒМАН, А.А. АБДРАХМАНОВА

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

(ОН БЕС ДӘРІС)

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



ҚАРАҒАНДЫ 2010

ӘОЖ 94(574)(07)=512.122

КБЖ 63.3(5Каз)я7=қаз

Н85

Университеттің Редакциялық-баспалық кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:



Қ.Қ. Абдрахманова, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов

атындағы ҚарМу-дың ақа оқытушысы;



С.Д. Шаймұқанова, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ-дың

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры;



И.Д. Арыстан, техника ғылымдарының кандидаты, профессор,

ҚарМТУ Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі.



Нұғман Б.Ғ.

Н85 Он бес дәріс: Оқу құралы / Б.Ғ. Нұғман, А.А. Абдрахманова; Қарағанды

мемлекеттік техникалық университеті.Қарағанды, ҚарМТУ баспасы; 2010. –

217 б.

ISBN

Ұсынылып отырған «Он бес дәріс» атты оқу құралы Қазақстан тарихы

пәніне арналған дәрістік материал түрінде ұсынылған. Отан тарихымыздың

белес-белестерін типтік бағдарлама мен кредиттік технология сапасына

сәйкес айғақты тану жолдарын қолдана отырып ұтымды құрастырылған.

Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға және қызығушылық

білдіретін көпшілік қауымға арналған.

ӘОЖ 94(574)(07)=512.122

КБЖ 63.3(5Каз)я7=қаз

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



ISBN © Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2010



Мазмұны

АЛҒЫ СӨЗ................................................................................................................................. 4

Негізгі әдебиеттер тізімі: ........................................................................................................... 6

1-тақырып. Кіріспе ................................................................................................................... 8

2-тақырып. Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір ..... 15

3-тақырып. Ерте орта және дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ.) ....... 26

4-тақырып. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ). Алтын Орда (1243-ХV

ғ. ортасы). ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер (1 сағат) ............................................. 40

5-тақырып. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. ХV-ХVІ ғғ.

қазақ хандығы .......................................................................................................................... 45

6-тақырып. ХVІІ ғ. және ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Қазақстанның ХІV ғ. мен

ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі мәдениеті ............................................................................................. 57

7-тақырып. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман

жағдайында. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы .............................................. 65

8-тақырып. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық,

саяси дамуы. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы) .................................................. 71

9-тақырып. 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920

жж.) - халық трагедиясы. Қазақ кенестік мемлекеттілігінің құрылуы ............................... 82

10-тақырып. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының

трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы ..................................... 103

11-тақырып. Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде ............................... 115

12-тақырып. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев

декадасы» жылдарында (1953-1964 жж) ............................................................................. 121

13-тақырып. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші

жартысында. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж) ................................ 129

14-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан .......................................................................................... 140

15-тақырып. ҚР сыртқы саясаты ......................................................................................... 150

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінгі күні (кредиттік оқыту технологиясы) оқу процесі

шығармашылық сипатты иеленген, көбінесе өздігінен білім алуға

негізделеді. Және де, студенттің қажетті білім жиынтығын иеленуі

жеткіліксіз - оның толыққанды сауатты деңгейін сипаттайтындай, ішінара

нақты дағдылары мен білімдері болуы керек. Ол үшін оқытушы сәйкес пәнді

меңгеруге арналған (әдістемелік материалдар мен құралдардың бай

кешенінің негізінде) студенттерді тапсырмалар мен ұсыныстарды орындау



бойынша материалдармен қамтамасыз етеді. Бұл оның (студенттің)

шығармашылық ойлауына, өзінің қабілеттерін дамытуына және ғылыми-

зерттеу жұмысының белгілі дағдыларын иеленуіне мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаны ұстанып, авторлар Қазақстан тарихы пәніне арналған

он бес дәріс курсын құрастырды. Бұл оқу құралында студентке қажет

материалдардың барлығы да ықшам түрде бейнеленген. Қабылдауға жеңіл

және ой орайына ұтымды. Оқу құралы жалпы пәнді игеруде бағыт береді.

Кейбір материалдарды толық шешу үшін СӨЖ жұмысына аударылады. Сол

себепті студент СӨЖ тапсырмаларын өздері әзірлеуі қажет.

Студент берілген СӨЖ тақырыптарын өз бетімен әзірлегенде қажетті

зерттеу дағдыларын ескеруі қажет. Сондықтан ол терминдер мен

ұғымдарды, атаулар мен тарихи құбылыстардың мағынасын жетік меңгеруі

қажет. СӨЖ тапсырмалары жазбаша түрінде ресімделеді. СӨЖ

төмендегілерді көрсетуі керек:

- студенттің әдебиет көздерін және арнайы әдебиеттерді зерделеу және

талдау негізінде тақырыптың мағынасын өз бетімен анықтай білуін;

- қойылған міндеттерді дұрыс және мүмкіндігінше үлкен толықтықпен

шешуін;


- негізделген тұжырымдарды жасауын;

- жазбаша жұмысты дұрыс ресімдей білуін.

СӨЖ жұмысын орындау үшін студенттің арнайы дәптері болуы

керек. Жұмысты жазған кезде студент құрастырылған СӨЖ жоспарына

бағдарлану керек. Әрбір авторда (студентте) оның жұмыс жауаптары дербес

сипатта болады. Тапсырманы жинақтау үшін әртүрлі әдебиет көздерін

зерделеу орынды: сол арқылы шынайы тарихи оқиға белгіленеді. Жұмыс

барысында студент өзінің пікірін, тұжырымын жазуы қажет. Бірақ, әрбір

түйін ғылыми ақпараттың ресімделуі мен зерттеу нәтижелерінің көрсетілуі

бойынша тұжырымдалуы керек.

СӨЖ жұмысын аралық бақылау (аттестация) түрлерінің бірі ретінде

дәріскер 7-ші және 14-ші оқу апталарында оның орындалуын бақылайды.

* * *

Берілген оқу құралын дайындауға қатысқандар: Б. Ғ. Нұғман (алғы сөз,



1-8 тақырыптар), А. А. Абдрахманова (9-15 тақырыптар).

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Сабақтардың түрлері бойынша еңбек сыйымдылығы, сағаттары

Бөлімнің (тақырыптың) атауы дәріс практ. осөж сөж

1. Кіріспе 1 2 3 3

2. Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан

территориясындағы ерте дәуір

1 2 3 3


3. Ерте орта және дамыған орта ғасырлардағы

мемлекеттер (VI-XIII ғғ.)

1 2 3 3

4. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.).



Алтын Орда (1243-ХVғ. ортасы). ХІV-ХV ғғ.

Ортағасырлық мемлекеттер

1 2 3 3

5. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ



жүздері. ХV-ХVІ ғғ. Қазақ хандығы

1 2 3 3


6. ХVІІ ғ. және ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы.

Қазақстанның ХІV ғасыр мен ХVІІІ ғғ. бас кезіндегі

мәдениеті

1 2 3 3


7. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан

және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстанда

отаршылдық кезеңінің басталуы

1 2 3 3


8. ХІХ ғасырдағы және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның

әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы. Қазақстан

мәдениеті (ХVІІІ ғ. – ХХ ғ. басы)

1 2 3 3


9. 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат

соғысы (1918-1920 жж.) - халық трагедиясы. Қазақ

кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы

1 2 3 3


10. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан

шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау:

сипаты, қарқыны, масштабы

1 2 3 3


11. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде 1 2 3 3

12. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953

жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы» ж-да (1953-1964

жж.)


1 2 3 3

13. Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980

жылдардың бірінші жартысында. Қазақстандағы «қайта

құру» саясаты (1985-1991 жж.)

1 2 3 3

14. Тәуелсіз Қазақстан 1 2 3 3



15. ҚР сыртқы саясаты 1 2 3 3

Барлығы: 15 30 45 45

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Курс бойынша ұсынылатын

әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Абилев А. Казахстан в древности. - Караганда, 1991.

2. Абдакимов А. История Казахстана. - Астана, 1999.

3. Артыкбаев Ж. История Казахстана. 12 лекций. - Алматы, 1997.

4. Артыкбаев Ж. История Казахстана: Учебник – хрестоматия, Астана, 1999.

5. Барманкулов М.. Тюркская вселенная. - Алматы, 1996.

6. Гумилев Л. Древние тюрки. М., 1993.

7. История Казахстана: белые пятна. - Алма-Ата, 1991.

8. История Казахстана. Очерк. - Алматы, 1993.

9. История Казахстана в 5-ти томах. - Алматы, 1996.

10. Казахи. Историко-этнографическое исследование. - Алматы, 1995.

11. Кан Г.В. История Казахстана. - Алматы, 2001.

12. А. Кузембайулы, Еркин Абил. История Республики Казахстан. - Алматы,

1998.


13. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий.

- Алма-Ата, 1992.

14. Масанов __________Н. Кочевая цивилизация казахов. - Алматы, 1995.

15. Момынова Ш.Р. Материалы по истории Казахстана (ХІІІ-ХVІІІ вв.).

16. Назарбаев Н.А. «На пороге ХХІ века». - Алматы, 1996.

17. Назарбаев Н.А. «В потоке истории». - Алматы, 1989.

18. Назарбаев Н.А. «Эпицентр мира». - Алматы, 2001.

19. Назарбаев Н.А. «Критическое десятилетие». - Алматы, 2002.

20. Тожутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи. - Алматы, 1998.

21. Нұғман Б.Ғ., Абдрахманова А.А., Жетписбаев А.О. Көшпелі өркениет

тарихындағы Қазақстан: Оқу құралы. - Қарағанды, 2008.

22. Нұғман Б.Ғ., Шаймуханова С.Д. Ұлы Дала өркениеті: Оқу құралы. -

Қарағанды, 2009.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Агапов П., Кадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. - Алма-Ата,

1979.

2. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. - Алма-



Ата, 1973.

3. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

4. Акишев К.А. Древнее золото Казахстана. - Алма-Ата, 1983.

5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - Алма-Ата, 1984.

6. Акишев К.А. Древние кочевники и мировая цивилизация: генезис,

проблемы, перспективы // Вестник АН КазССР. 1991. № 10.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

7. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины

реки Или. - Алма-Ата, 1963.

8. Аргынбаев X.А. Этнографические очерки по скотоводству. - Алма-Ата,

1969.

9. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. -



Алма-Ата, 1989.

10. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХV-ХVII вв.: история,

политика, дипломатия. - Алматы, 1998.

11. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - Алматы, 1994.

12. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Сочинения.

Т. 1-2, М., 1963.

13. Бартольд В.В. Чингизхан. Сочинения. Т. 5. М., 1968.

14. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. - Алматы, 1996.

15. Бичурин НЛ. Сборник сведений о народах, обитавших в Средней Азии в

древние времена. М.-Л., 1950.

16. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. - Алма-Ата,1961-

1968.


17. Галиев В.З. Анырахайская битва /Вестник Военной Академии

Вооруженных сил Республики Казахстан. 1999. №4.

18. Галиев В.З. Битва при Буланты // Мысль. 2000. № 6.

19. Де Оссон К. От Чингизхана до Тамерлана. - Алматы, 1996.

20. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. -

Алматы, 1999.

21. Загадки древнего Туркестана / Сост. Смагулов Е. Алматы, 1998.

22. Златкин И.Л. История Джунгарского ханства (1633-1758 гг.). М., 1983.

23. Исмагулов О.И. Этническая антропология Казахстана. - Алма-Ата, 1982.

24. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. -

Алматы, 1998.

25. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. - Алматы, 1996.

26. Кенесарин А. Кенесары и Садык. - Ташкент, __________1988.

27. Козыбаев М.К. История и современность. - Алма-Ата, 1991.

28. Кычанов Е. Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир. - Алма-Ата,

1992.


29. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и

степей / Сост. И.В.Ерофеева. - Алматы, 1996.

30. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя

культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1966.

31. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в ХVII-ХVIII вв. - Алма-

Ата, 1991.

32. Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. Т. 1. Кн. 1,2. М.-Л., 1952.

33. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие. - Алма-

Ата,1992.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



1-тақырып. Кіріспе (1 cағат)

1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты және міндеттері.

2. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу.

3. Деректер, тарихнамалық зерттеулер.



СӨЖ тапсырмалары:

1. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность»

(«Казахстанская правда» от 23.10.96 г.) мақаласы бойынша конспект жасау.

2. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабын талдап оқу негізінде

12 тарау бойынша ертедегі Қазақстан тарихының хронологиялық

бөлінуіндегі өзгерістерді анықтау.

3. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность»

мақаласы бойынша тарих ғылымының негізгі міндеттерін белгілеу.



1. Бүгінгі күнде тарихымыздың ақтаңдақтары айқындалып оған дұрыс

баға беру, өткенді ашып көрсету, кеңістік пен уақыт елегінен ойымызды

өткізу, заман талабына қарай тарих түсініктерін жете меңгеру әрбір азамат

үшін «абыройы» алдындағы міндеті. Өтпелі кезеңде патриоттық сезімді

тұтастыру міндеттерін жүзеге асыруда тарихты гуманизациялау басты қадам

болады. Осы жолдағы маңызды міндеттің бірі - тарихымыздың жоғалтқан

мұрасын қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан тарихына қатысты

зерттеулер әлі де болса қарама-қайшы. Себебі Қазақстан тарихы марксизм

теориясына сәйкес түйіндеме тұрғысынан баяндалды. Ал дүниежүзілік тарих

«еуропацентрлік» сипатында түсіндірілді. Осының әсерінен Қазақстан

тарихы бұрмаланды. Сондықтан құлдық сана-сезімінен айырылудың

алғышарты болатын шешуші тәсіл ретінде тарих басты рөлді атқарады.

Әсіресе, Қазақ өз өркениетін шығу тегі мен генеалогия принциптері негізінде

құрған қоғам үшін шежіре маңызды рөлді атқарды, ол ұлттық сана-



сезімнің мәнді элементі болды.

Қоғам қалыпты қызмет етуі үшін үш уақыт проекциясы: тектік бағаны

(генезисі), бүгінгі қалпы (эволюцияның берілген фазасы) және алдын ала

аңғарылатын болашағы тұтасып жатуы қажет. Тарих құбылысында

танымдық призма сабақтастық (байланыстырушы) қызметін атқаратын

болса, қоғамдық сана тарихи сана-сезім өлшемін иеленеді. Шындығында,

динамикалық даму үшін күш беретін азаматтық-патриоттық ұстанымсыз,

тарих сабақтарын терең сезінбеуінше нақты егемендік мүмкін емес. «Адам

өзінің дамуын өткенмен салыстырып тексергенде ғана, оның болашаққа

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

деген сенімділігі арта түседі және нығаяды» - деп айтылғаны сондықтан

шығар.

Адам өзін кеңістіктік-уақыттық бағдарлау арқылы түсінген. Қоғамның



ерекшеліктерінің бірі, қандай да болмасын игіліктерді бағытталған

мақсатқа қарай жинақтау қабілеті. Бұл мұра тарихи түрде тәрбие

механизмі арқылы беріледі. Яғни, шешуші түйін ретінде тіршіліктің



мазмұнын ашатын тарихи сабақтастық әуел бастан қажет, сонда ғана адам

болмыстағы мән мағынасына ие болады. Сонымен, тарихи сана – бұл уақыт

айырмашылығы мен байланысының қалыптасуы, ал ол мәдениетті

тасушының тарихи тұрақтылығының шарты болып табылады.

Тарихтың негізгі міндеті – ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен

сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Егер XXI

ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша

қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам,

ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі.

Ұлы Даланы игерген Көшпелілер өркениетінің өрлеу-құлдырау

ырғақтары сабақтасып балға мен төстің арасында шыңдалды, талай тарихи

үрдістерден өтті. Вебер айтқандай, көшпенділер техногендік өркениет пайда

болғанға дейін кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарды, әлемдік

дамуда халықтардың бір қозғаушы күші болды.

Көшпелі өркениет – табыс пен қосымша өнімді әділ шешіп, табиғатты

оңтайлы және тиімді пайдаланылған, мал шаруашылығы жетекші кәсіпке

айналдырған мәдениет түрі. Мал және жер кәсібі шаруашылықтың

саласында деңгей мәртебесіне көтерді. Жағрафиялық ортаның ерекшелігіне

байланысты жер өңдеуде ирригациялық жүйе, мал бағуда қоршаған ортаға

бейімделген табынның құрамын шығару, жылқы жануарының қасиетін

танып оны көлік ретінде қолдану, дамыған әлеуметтік жіктелу қоғамдық

өмірде «далалық билік және басқару институттарын» заман уақытына сай

құрылыстарын әкелді.

Адамның жаратушысы – Тәңір, анасы – Ұмай ана (қасиетті Жер-Су),

бұл көшпенділердің шығу тегін айғақтады; екіншіден: әкеден қалған елді

үш ұлына бөліп беру, сыннан өткен ішіндегі біреуіне билік жүргізу

сакралдық мәнімен «тәртіп» қасиеті болды. Тәңірдің жарылқауымен «қасиет

дарыған» бала ғана билік жүргізе алады, осыдан сакралды мәні бар билік

лауазымдары қалыптасты: Сары (Царь), Тәңірқұт, Күнби, Қаған, Хан және

тағы басқа. Бұл – көшпелі қоғамда қолданылатын меритократиялық



дәстүр; үшіншіден: бір атадан тараған үш жүздің жиыны әр түрлі рулардың

басын біртұтас Ел бірлестігіне жинақтаған мемлекет түрі. Бұл елдік жүйе -

әлем-жүйесінің ұйымдасудағы көрінісі; төртіншіден: көктен түскен алтын

заттар арқылы адамның төрелік етуге құқығы Аспанмен айғақталды және



идеялды модельді қоғамды тиянақтауға негізделді; бесіншіден: рулардың

өзара аға, іні тәртібімен туысуы. Көшпелілердің этникалық туысуы өзіне

қашан да генеалогиялық дәнекер іздейді. Мәселен, Алаша хан туралы аңыз.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Бұл қатынас Ел тұтастығын дәйектейді. Бұл тіршілік рудың мызғымас

беріктігін сақтайтын заңға бағыну керек. Осы заңды жаратқан - Тәңір.

Көшпелі құрылымдарға тән «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген

ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық тағы

сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін

білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйытқысы ретінде сакралдық көзқарас басты

қызметін атқарды. Туыстық жүйе арқылы қалыптасқан қоғамдағы қатынас

рудың негізін қалаушы түп атаға, ондағы буындардың генетикалық

қашықтығына байланысты жүзеге асты. Яғни, генеалогиялық құрылымның

қандай да бір жігіне жату қандай да бір топтың, рудың, жеке адамның қарым-

қатынасының сипатын айқындады. Тек генеалогиялық құрылымда алатын

орнына байланысты бекітілген құқықтық міндеттері болған, оның өзі салт-

жоралық деңгейде іске асатын. Бұл қатынас институтталған жүйе арқылы

реттеліп отырды. Бір ата, жеті ата, ру, ұлыс, жүз – тағы сол сияқты буындар

өз кезегінде әкімшілік-әлеуметтік жүйенің ұйтқысы болды. Ал тектік

атауларды қолдану билік қатынастарында аса маңызды қызмет атқарды.

Жоғарыда айтылған рулық құрылым - билік және билік қатынастарын

заңдастырды.

Болмыс тіршілігі мал кәсібін жетекші шаруашылық көзіне айналдырды.

Көшпелі өркениет шаруашылық жағынан бірнеше құрамдас бөлігі бар жүйе

ретінде өмір сүрген соң, олардың арасында айырбас дами бастады.

Отырықшы мекендер қала дәрежесіне жетіп, көшпенділердің әкімшілік

орталықтарына, сауданың орнына айнала бастады. Ұлы Далада керуен жолы,

Ұлы Жібек жолы дамып қалыптасты. Әртүрлі шаруашылық жүйесін

бақылауда көшпенділерге шеберлікпен басқаратын билік аппараты қажет

болды. Уақыты мен сипатына қарай олар - тайпа одағы, ерте мемлекеттік

бірлестіктер, империялық болып ұйымдасып, дамуына қарай негізделді.

Осы мәліметті Каутский былай деп баяндайды: «взаимодействия крестьян и



номадов привели к тому, что номады подчинили крестьян себе и сделали их

своими данниками. Кочевые племена соединили многочисленные общины и

крестьянские области в одно целое, стали во главе этого общества, начали

его эксплуатировать и перестали быть при этом кочевниками. Так были

созданы первые государства».

Көшпенділер локальды мәдениеттерді байланыстырды, әлемдік жүйенің

конструкциясын жасады. Интеграция үрдісі өзіндік түркі мәдениетін

тудырды. Мәселен, Түркі қағанаты осындай синтездің үлкен жетістіктерінің

бірі еді.

Төрт мың жылдай тарихы бар көшпелі өркениетін алты кезеңге бөліп

қарастыруға болады: ежелгі дәуір (б.д.д. XVIII ғ. мен б.д. V ғ. аралығы) –

Дала өркениеті мен билік институтының құрылу уақыты; орта ғасыр (VI ғ.

мен XV ғ. аралығы) –интеграция үрдісі биліктің конструктивті империя түрін

жаратты; жаңа дәуір (XV ғ. мен XVIII ғ. аралығы) – дағдарыс кезеңіне

түседі, ол көшпелі өркениетті ыдырау жағдайына алып келеді; отарлық

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



кезеңі (ХІХ ғ. мен ХХ ғасырдың басында) – көшпелі өркениет заманның

талабына сай құлдырау (деградация), сондай-ақ, жаңашадан техникалық-

индустриалды қоғамына бейімделу кезеңіне түседі; кеңестік дәуір (1917-

1990 жж.) – кеңестік модернизация жолында болды; егемендік кезеңі (1991

ж. бастап) – шынайы бетбұрыс дәуірі басталды.

Қазақстан тарихы көшпелі өркениет эволюция үрдісінде ерекше вариант

қана емес, сонымен қатар, адамзат тарихында мәнді және ажыратылмайтын

фактор деп қарастырған жөн.

Көшпелі өркениеттің мәнін айқындайтын ерекше белгілер:

Ол неолиттік дәуір мен индустриалды қоғам аралығында орын алып,

өзіне сәйкес құбылысын жаратқан мәдениет.

- «Ажыратылмайтын біртұтастық» идеясы дүниетанымдық көзқараста

негізгі рөл атқарды, ол – сакралдық сана-сезімі.

- Адам категориялары: сапа, өлшем, кеңістік және уақыт ұғымдарымен

айқындалды.

- Рухани өмірдегі Тәңірлік ұстаным Дүние және Адам сипатын

түсіндірді: имандылық, тылсым дүниені меңгеру, ырық және білімге

ынталылық.

- Қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі дамыған ру-тайпалық және әскери-

әкімшілік қатынас симбиозын құрған тұрақты әлеуметтік-саяси қалып

жүйесін құрды. Соған сәйкес іріктелген ерекше топ – «ақсүйек» әулеті

негізделді.

- Айырбас сауданы, сауда - ішкі және сыртқы, әсіресе халықаралық

сауданы (Ұлы Жібек жолы) жаратты.

- Таста қашалған жазудан бастап, қағазда көмкерілген өзіндік алфавиттік

жазба туындысы - ұлы істердің бірі болды.

- Айқындаушы түрде ерекше орын алатын туындылардың бірі – ауыз

өнері, әсіресе «Шежіре». Ол тарихи деректерден өзге, генеалогиялық және

этногенетикалық мәліметтерді бейнеледі. Жырау поэзиясы - рационалдық

құбылыс, далалық интеллектуализм, өзінше көшпелі өркениеттік театры.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет