340
де оны өзінің қарапайымдылығы мен адалдығы үшін, құндылық
ретінде қабылдаймыз.
Абай поэзиясының басты тақырыбы Қазақстан табиғаты мен
халық өмірі болды. Өз шығармаларында ол бұл өмірдің ең мәнді
жақтарын шынайы көрсете білді. Абай дәстүрлі халықтық
шығармашылық элементтерін кең пайдаланды, тілді дамытуы мен
байытуы, оның шығармаларын түсінікті әрі жеңіл етті. Абай
шығармаларында, халық әншілері әлі айтпаған, бірақ халық арасында
өмірге деген наразылық толқуы мен басқа жақсы өмірді көмескі аңсау
түрінде болған ойлар көрініс тапты. «Халықтың стихиялы, жете
түсінбеген талаптарын саналы түрде көрсетіп, бұл үшін оның өзі, сол
кездегі орыс білімінің шыңына талпынған, Абай, жинағанын
пайдаланып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихи маңызы бар,
жалпыұлттық құндылықтарды жасады»,
1
– деп жазды М. О. Әуезов.
Cондықтан Абайдың өнердің халықтығы туралы көзқарастары
біздің заманымызда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Өнердің халықтығы принципін Абай қазақ тіліне аудару үшін
орыс классиктерінің шығармаларын таңдауда ұстанды. Сондықтан
аударма үшін ол ең алдымен Крылов, Пушкин, Лермонтов
шығармаларын алды. Өз аудармалары арқылы ол қазақтарды озық,
халықтық идеялармен таныстыруға тырысты. «Абай өз халқының
рухани көзі болды, және халқы үшін ойланып әрі сезініп, оған оның
тарихи болашағын көрсетуімен халықтық»
2
, – деп жазды М.О. Әуезов.
Абайдың өлеңдері ұлттық, жоғары патриотизм рухында
жазылған. Оның патриотизм сезімі күрделі: ақын халқының ауыр
жағдайын көріп күйзеледі, бірақ оның дарындылығын, мейірімділігі
мен жанының жомарттығын мақтан тұтады;
Ол - өз халқын ғасырлық көнгіштік ұйқысынан оянуға, өз
назарын озық мәдениетке, ол арқылы – жарқын болашаққа салуға
шақырады. Төменде келтірілген өлеңінде Абай халықтың ауыр
тағдарына өзінің күйінішін суреттейді және оны жақсарту үшін
күреске батыл шақырады:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқпа елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
… … …
Оңалмай бойда жүрсе осы қырқың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
1
Достарыңызбен бөлісу: