190
жөнінде ештеңе айта алмайтын жағдайға жеттік. Тарих және оны
зерттеу белгілі бір адамдардың қолжаулығына айналды. Енді ғана
тарихымызды ластаған идеологиялық процестерден тазартуға, олай
болса арымызды да тазалауға мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де толық
тазалыққа жетуге әкімшілік-әміршілік жүйе бөгет жасап келеді.
Үсен
. Е, қайдам? Арымыз толығынан тазарды деген сөздің өзі
іске асар қояр ма екен? Өйткені, қазір кейбір адамдардың
адамгершіліктен жатсынып бара жатқанын көріп отырмыз ғой. Ондай
мәңгүртке айналған адамға не істей аласың? Онда ешбір парасаттық
қасиеті қалмаған — ол үшін ар-намыс, ұлттық сана-сезім бос сөз,
адамгершіліктің барлық жағынан жұрдай болған. Абайдың тілімен
айтқанда «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауызға» не
істейсің? Әлде Ш. Айтматовтың «Жан пида» романындағы
Базарбайды «сен бүл дүниеде өмір сүруге татымайсың» деп өз
қолымен атып тастаған Бостон сияқты іс-әрекет жасау керек пе? Ол да
табыла кеткен ақыл емес. Өйткені мұндай іс-әрекеттен соң Бостонның
қандай жағдайға ұшырағанын Шыңғыс ағамыз былай деп суреттейді:
«Мына адамдардың жүзіне қарап, Бостон кенет өзінің әлдебір
сызықтан өтіп, өзгелерден мүлде бөлініп қалғанын сезді... Қазір
олардың жүзіне қарап, жатсынуды, жатырқауды байқады. Сонда
барып енді өзі бұл адамдарға мәңгі мүлде жат екенін ұқты. Өмір бақи
бүлар оны көріп білмегендей жат. Егер өліп қалып, көрден қайтадан
тіріліп келсе, жүрт қандай шошыр еді, қазіргі халі де сондай»
(Шыңғыс Айтматов. «Жан пида». Роман. Алматы. «Жалын» 1988. 475
бет).
Міне адамгершілік үшін күрескен адамның жағдайы осындай.
Адамдықтан безген «өзі де ит» адамды заңсыз әркім өзінше жазалауға
тиіс емес. Бірақ ондай «ит адамға» жазалайтын заң біздің
конституциямызда жоқ. Жатсыну деген процестің диалектикалық
арақатынасы осындай.
Асан
. Ал адамгершіліктен босап шығып, еркіндік алып ар мен
намысты аяққа басып жүргендерге не істеу керек? Олар үшін
адамгершілік принциптерінің бәрі де бос сөз. Дүниедегі ең мықты —
ақша мен дүние-мүлік. Ал басқаларын, оның ішінде адамгершілік
қасиеттерінде сатып алуға болады. Тек бар, бай болу керек! Олардың
ойынша бай болсаң, тіпті Қарабай болсаң да ештеме етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: