Қазіргі қазақ тілінің лексикология пәні, оның объектісі мен міндеттері.
Сөз- лексикалық единица, оның шарттары.
Дәріс мазмұны:Тіл қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір- бірімен қарым- қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы айтылған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті тарауларында қарастырылады.Ендеше, тілдің сөздік құрамын лексикология қарастырады
Лексикология (гр. « lexikos»-сөз, « logos»- ілім ) деген сөзінен жасалған термин.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология дейді.
Лексикологияның зерттейтін объектісі- сөз. Ол сөзді 1- ден, мағынасы жағынан,
2-ден, шығу тегі жағынан
3-ден, қолдану аясы жағынан
4-ден, экспрессивті – стильдік сипаты мен қызметі жағынан қарастырады.
Семасиология, оның негізгі объектісі. Сөз мағынасы туралы түсінік, сөз мағыналарын классификациялау.