Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет31/50
Дата13.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185246
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org 2

Есептік санның жасалуы
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есімнің басқа мағыналық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім кұрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор. Есептік сандар ішкі құрылысы жағынан сан алуан. Есептік сандарда көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Сандық қатарлар сандардың белгілі дәрежесіне байланысты. Мысалға бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлар бар. Әр саңдық қатардағы атаулар көне замандарда- ақ жасалып, қазір олар дайын сан атауы ретінде қолданылады. Тек миллион, миллиард, триллион сияқты сандық қатарлардағы сандық атаулар кейінірек қосылған деуге болады. Бірақ олар-күнделік өмірде сирек кездесетін атаулар.
Есептік сан атауына жататын 23 атаудан (9 бірлік, 9 ондық, жүз, мың, миллион, миллиард, триллион) басқа сандық атаулардың бәрі күрделі сандар. Сондықтан есептік сан атаулары негізінен : күрделі сандардан тұрады. Ал күрделі сан атаулары бір сан атауымен екінші сан атауының тіркесуі арқылы жасалады. Тіркесетін сан атаулары - жоғарыда аталған дара сан атаулары. Ең кіші күрделі есептік сандар - екі сөзден тұратын ондық пен бірліктің қосылуы арқылы жасалатын сан атаулары. Ондай күрделі есептік сандардың жасалуында ондық атаулары тірек сыңар болады да, бірлік ауыспалы сыңар болады. Бірлік пен ондықтың қосындысынан күрделі сан атаулары жасалған. Мысалы, он+бір=он бір, он+екі=он екі т.б. Бұл үлгімен тоғыз күрделі сан жасалады. Әр ондық пен бірліктердің қосылуынан тоғыздан күрделі сан жасалады. 9 ондық пен 9 бірліктің қосылуынан тілде 81 күрделі сан атауы жасалады. 81 күрделі сан атауы — тек сандық бірлік аралас екі сыңардан құралған күрделі есептік сандар. Мұндай күрделі сандар : он+бірлік үлгісі арқылы жасалады. Мысалы, он төрт, жиырма бес, отыз алты, қырық жеті, елу сегіз, алпыс тоғыз, жетпіс үш, сексен екі, тоқсан бір т.б. Келесі топқа жүздік атауларының жасалуы жатады. Жүздік , атаулары бірлік пен жуздіктің көбейтілуі арқылы жасалады. Үлгі: [ бірлік х жүздік. Бұл үлгі бойынша екі сыңардан құралатын 9 күрделі сан яғни 9 жүздіктің аты жасалады: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт .Жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Үшінші топқа мындық атауларының жасалуы жатады. Үлгі үш түрлі: бірлік х мың, ондық х мың, жүздік х мың. Мысалы, екі мың, отыз мың, жүз мың. Бұл — негізгі үлгілер. Ал оңдықтар мен бірліктер араласқан 81 күрделі санның әрқайсысы мындықтың алдынан келіп, мың сөзіне көбейтіліп, мындықтың атын жасайды. Мысалы, он бес мың, отыз төрт мың, елу екі мың, жетпіс алты мың, тоқсан тоғыз мың т.б. Сол сияқты жүздік атаулары да мың сөзімен тіркесіп, мыңдықтар атауларын жасайды. Мысалы, екі жүз мың, бес жүз мың, сегіз жүз мың, тоғыз жүз мың т.б.
Үшінші топка жүздік, ондык, бірлік аралас сан атауларының мың санымен тіркесіп, мындық атауын жасауы жатады. Мысалы, жүз елу екі мың т.б. Күрделі сан атауларының құрамы екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін жетіп, миллионнан триллионға дейінгі қатарларда одан да жоғары болуы мүмкін. Бірақ күрделі сандардың кұрамы неғұрлым көбейген сайын күнделікті өмірде оның қолданылуы сирей береді. Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралса да, олар біртұтас сандық ұғымды білдіреді.
Тілдегі күрделі сандардың - әрқайсысының өзіндік мағынасы бар, әрқайсысы да белгілі санды білдіреді. Оларға синонимдік касиет тән емес. Мысалы, тілдегі қырық бес, елу бес, алпыс жеті, алпыс сегіз, жүз елу бес, екі мың алты жүз сексен тоғыз сияқты күрделі сан атаулыны қанша тізе берсек те, олардың ешқайсысының білдіретін сандық ұғымы бірімен-бірі түйіспейді. Бұл арада күрделі сан атауларының мағына дербестігі дәлелденіп отыр, өйткені тілдегі әр күрделі сан атауының өзіндік мағынасы, өзіндік тұрақты құрамы бар, олар бірімен-бірі еш уақытта толық сәйкес келмейді. Күрделі сандардағы бұл құбылыс жалпы сөз атаулыға қойылатын ортақ шартқа сай. Тілдегі әр сөздің өзінше дыбыстық, морфемдік құрамы, мағынасы болу, сол арқылы сөз бір-бірінен ажырауы-жалпы заң.
Әр күрделі сан атауы мағына жағынан да, құрамы жағынан да алғашқы калпын сақтаған. Күрделі сан атауларының осы қасиеті оның сөз статусына қойылатын талапқа нақтылы сәйкес. Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы, Сағат төртте Жапон теңізі мен Тихоокеан аралығындағы Жапония үстінде жүз жетпіс миллион самолет қалықтап, күндізгі сағат бесте Жапонияның түні басталады (С.Ерубаев). Күрделі сандар бір сөз болғандықтан, қосымшалар күрделі сандардың соңғы сыңарына жалғанады. Мысалы, Биыл олардың саны екі жүз сексен екі мыңнан асып отыр (газеттен). Келтірілген мысалда шығыс септік жалғауы екі жүз сексен екі мың деген бес сыңардан тұратын күрделі санды аяқтап тұрған мың деген сөзге жалғанған. Бұл занды, өйткені мың сөзі күрделі санның соңғы сөз мың сыңарымен аяқталады, сондықтан қосымша соған жалғанған. Міне, бұл да күрделі сандардың дербес сөздік қасиетін көрсететін белгілердің бірі.
Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықтан, олардың арасына еш уақытта ешбір басқа морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Күрделі сандар өз тұтастығын берік сактайды."Әрбір күрделі сан үнемі бір құрамда, сыңарларының орын тәртібін қатал сақтап, тұрақты қолданылады. Бұл да - сөз құрамының түрақтылығына байланысты жағдай. Күрделі сандардың дербестігін дәлелдейді. Күрделі сандар сөйлемге тілдегі дайын қалпында алынады. Бүл - тілдегі сөз атаулыға тән негізгі белгі. Сөйлем тілде бұрыннан жасалып колданылып жүрген дайын лексикалық бірліктерден құралады. Күрделі санның әрқайсысы да тілде көне замандардан келе жатқан, өткен замандарда жасалған, сондықтан олар сөйлемдегі басқа сөздер сияқты дайын қалпында сөз тіркесінің бір сыңары ретінде ғана сөйлемге кіреді. Бұл да күрделі сандардың лексикалық дербестігіне дәлел. Күрделі сандардың жасалуында тірек сыңар негізгі кызмет атқарады. Күрделі сандардың тірек сыңары бірнеше күрделі санның жасалуына негіз болып, олардың бәрінің құрамынан бір орын алып, бәрінде бір мағына береді. Ондай күрделі сөздердің басқа сыңары ауысып, тірек сыңарға түрлі мағына қосып отырады. Ондық пен бірлік аралас күрделі санда жаңа мағына ондық пен бірліктің қосындысынан шығады. Мысалы, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз. Мүнда он саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз күрделі сан жасаған. Әр ондықта осылайша бірлікпен тіркесіп, тоғыз-тоғыздан күрделі сан жасайды. Ондықтардың тірек сыңар болуы арқылы барлығы тілде 81 күрделі сан жасалған. Бұлардың бәрінде тірек сыңар болатын ондықтар үнемі бірінші орында, ауыспалы сыңарлар екінші орында тұрады. Бірлік пен ондық аралас күрделі сандардың бәрінде тірек сыңардың мағынасы сақталып, олардың мағыналастығын туғызып отырады. Мысалға, отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз деген бір тірек сыңар арқылы жасалған күрделі сандарда отыз санының мағынасы олардың бәрінің мағына байланыстылығын туғызып тұр.
Тілде тірек сыңар болатын сандар көп емес, олар: ондықтар, жүздіктер, мындықтар. Мысалға жүздіктердің тірек сыңар болуын келтірейік. Алдымен жүз сөзі жүздіктердің жасалуына тірек сыңар болады. Мысалы, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Жүз саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз түрлі жүздіктің атын жасаған яғни бұл үлгіде жүздіктердің аты жасалған. Осы күрделі сан атауларының жасалуына жүз саны негіз болып, бұл күрделі сандардың жасалуына ұйытқы, тірек сыңар болып тұр. Жүздіктердің атында тірек компонент екінші орында, ауыспалы компонент бірінші орында тұрады. Жүздіктердің мағынасы бірлік пен жүздіктің көбейтіндісінен шығады. Жасалған осы күрделі сандардың бәрінде жүз санының мағынасы бар, ол осы жүздіктердің мағына байланыстылығын туғызып, жаңа мағынаға өзек болып тұр. Миллионға дейінгі күрделі сандардың жасауында тірек сыңар қызметінде қолданылатын сандардың ең өнімдісі - мындықтар, мындықтардың түрлері мол. Олардың әрқайсысы талай күрделі сандардың жасалуына негіз болады, анығырақ айтсақ, ондық пен жүздіктер арқылы жасалған күрделі сандарды шығарғанда, қалған күрделі сандардың бәрі мыңдық арқылы жасалады. Мысалға мың саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз мындықтың атын жасайды: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мық, сегіз мың, тоғыз мың. Мындықтар бірлікпен ғана жасалып қоймайды, ол ондықпен де, жүздікпен де, жүздік аралас күрделі сандармен де тіркесіп жасала береді. Мысалы, он мың, жүз мың, жүз елу мың, тоғыз жүз мың тоқсан тоғыз т.б. Бұлардың барлығында тірек сыңары - мың саны. Ол соңғы орында тұрады, ауыспалы сыңарлар тірек сыңардың алдында тұрады. Тірек сыңардың мағынасы бұл күрделі сандардың бәріне ортақ, бәрінің мағына байланыстылығын туғызады, күрделі сандардың жасалуына негіз болады. Мындықтардың атында мың саны тірек сыңар болғанда, күрделі санның соңғы сыңары болады, ал мындықтардың үстіне қосылған миллионға апаратын күрделі сандарға тірек сыңар болған мындықтар бірінші орында тұрып, ауыспалы сыңар соңында тұрады.

Сөйтіп, күрделі сан есімде тірек сыңардың орны екі түрлі, ол күрделі санның алғашқы сыңары да, соңғы сыңары да бола береді. Мысалға ондық пен бірлік аралас күрделі сандарда тірек сыңар бірінші орында, ауыспалы сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, он бір, отыз екі, кырық бес т.б. Ал жүздіктер мен мыңдықтарда екі заңдылық бар. Жүздіктің, мындықтардың аттары жасалғанда, жүз, мың сандары тірек сыңар қызметінде күрделі санның соңғы сыңары болады. Мысалы, тоғыз+ жүз, сегіз+ жүз, алты+мың, жүз+мың, екі жүз алпыс екі+мың т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет