Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Аталым теориясы, оның қалыптасуы, зерттеу нысаны



бет45/50
Дата13.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185246
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org 2

Аталым теориясы, оның қалыптасуы, зерттеу нысаны.
Жоспары:
  1. Аталым теориясы, оның сөзжасамда алатын орны.


Тілдік аталым теориясы, тілдік бірліктердің ішкі жүйелік мәнінің қалыптасу ерекшеліктерін талдау сонау XX ғасырдың бас кезінен басталып, XXI ғасырдың басында тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып саналды. Өйткені аталым теориясының негізінде тіл білімінің жаңа бағыттары, жаңа салалары, жаңа ғылыми парадигмалары қалыптасып, атап айтатын болсақ, когнитивтік лингвистика, оның негізінде тіл білімінің когнитивтік ономастика, когнитивтік сөзжасам, когнитивтік терминология т.б. ғылыми жүйелер айқындала бастады.


Қазақ тіл білімінде тілдік аталым теориясының жалпы мәселелері бойынша диссертациялық жұмыстар қорғалып, көптеген монографиялар мен ғылыми мақалалар жазылды. Мысалы, олардың қатарынан атаулану үдерісінің мәселелеріне арналған К.Ш.Хұсайын,З.Қ.Ахметжанова, Б.Қасым, Л.Қ.Жаналина, Г.И.Байгунисованың, осы үдерістің жеке кезеңдеріне арналған М.Балақаев, Ә.Қайдар,Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов,О.Нақысбеков,Ж.Манкеева,Н.Уәли,Б.Момынова,Ш.Ш.Жалмаханов, Қ.Қ.Рысбергенованың, аталым үдерісінің уәжділікпен байланысына арналған Р.Шойбеков, Н.И.Букетова, У.А.Мұсабекованың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл еңбектердің зерттеу мақсаттарына сәйкес тілдік аталымның зерттелу тарихы, қазақ тіліндегі лексика семантикалық топтардың лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы, олардың қалыптасу жайы түбегейлі сөз болады.
Осымен байланысты қазақ терминологиясының ғылыми – теориялық негізін қалыптастыру мәселелеріне қатысты терминологиялық лексиканың семасиологиялық заңдылықтарын анықтауға арналған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы,Ш.Құрманбайұлының, Қ.Ж.Айдарбек, терминологияның таным теориясымен байланысына арналған С.Ақаев, Ш.Біләл, Е.Әбдірәсіловтің, терминология мен терминтанымның когнитивтік - прагматикалық және ақпараттық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған С.С.Исқақова, М.Қожаеваның, жеке терминологиялық жүйелерді қалыптастыру мәселелеріне арналған Ә.Жүнісбек, А.Алдашева, М.Малбақов,С.Әлісжанов,Қ.Аяпбергенова, М. Молдажаров, А.Қоңырова, Ә.Нұржанова, С.Сәрсенова, А.Исанованың еңбектері деп бөліп қарастыруға болады.
Қазіргі таңда жалпы аталым теориясы тиісті дәрежеде зерттелгенімен, арнаулы лексика саласындағы аталым мәселелері әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Өйткені аталым саласындағы барлық жаңа болып табылған,мейлі ол ұлттық тілдің өзінің «техникалық мүмкіндіктері» болсын, немесе ұлттық тілден тыс, өзге халықтан қабылданған болсын, ең алдымен кәсіби лексикада көрініс табады. Себебі арнаулы лексика үнемі толықтырып отыруды талап етеді. Бұл өз кезегінде аталымның амал – тәсілдері мен жаңа жолдарын үнемі іздестіруге алып келеді.
Аталым саласын зерттеген ғалымдардың пікірлеріне сүйенетін болсақ, тіл жүйесіндегі кез келген атау белгілі бір тәжірибе нәтижесі болып табылады. Адам белгілі бір ұғымды көптеген жылдар бойы зерттеуі мүмкін. Кез келген ұғым атауының пайда болуын адам тәжірибесінен тыс қарастыруға болмайды. Әрбір нәтижесі адам санасында көрініс түрінде із қалдырады, сөйтіп түсінік нәтижесінде атау туады. Осымен байланысты ұғымға нақты атау беру мәселесіне қатысты философияда «сапа формасы» мен «сана процесін» (қабылдау, елестету, түсіну) бөліп қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Демек, адамның өз айналасындағы дүниені тануы, денотаттың (Болмыс есімнің денотаты, яғни бүкіл объектілер қасиеттерінің жиынтығы болады)негізгі белгілеріне сүйене отырып таңбалауы адамның бойындағы біліміне, дағдысына тікелей байланысты болып келеді.
Аталымның ең басты мәселесі «ақиқат болмыстың жеке элементтерінің атаулану амал – тәсілдерін зерттеу болып табылады» (МатезиусВ. О системном грамматическом анализе// Парижский лингвистический кружок. – М: Прогресс,1967. ст.228). Бұл үшін алдымен «белгілі бір ой – тұжырым нысанасы» жайлы қатынастарды, сондай – ақ онымен ұқсас сөздер қатынастарын айқындап алу қажеттілігі туындайды.Әдетте бұл тілдік құбылыс әсіресе терминологиялық еңбектерде айқын көрініс табады. Өйткені терминделетін ұғымның маңызды белгілер жиынтығынан « терминнің тұрпат межесінде берілетін оның ең қажетті және жеткілікті белгілері ғана іріктеліп алынады»(КанделакиТ.Л. Семантика и мотивированность терминов. - М.:Наука,1977.2-8 бб). Сонымен, атау беру үдерісін талдау үшін, ең алдымен, таңбалануға тиісті тілдік емес материалдың өңделу және сұрыпталу үдерісінің қалай жүзеге асатындығын анықтап алу қажет. Ал бұл үдерісті біз өз кезегінде оның нәтижесіне қарай, яғни белгілі бір тақырыптық және лексика – семантикалық топтарға жататын дайын тілдік атаулар арқылы ғана анықтай аламыз.
Ономасиология тіл білімінің жеке саласы,оның өзіндік зерттеу нысаны бар. Бұл саланың зерттеу нысанына атаулар табиғатына қатысты тілдік бірліктердің тууы, пайда болу үдерісі, аталым түрлері, туынды сөздер, аталымдық заңдылықтар мен мағынаның, ұғымның қалыптасуы сияқты күрделі – күрделі мәселелер жатады.Демек, ономасиология тілдегі аталым теориясымен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Ғылымның соңғы даму нәтижесі уәжтану мен сөзжасам тілдің екі түрлі саласы екендігіне де ерекше назар аударған жөн. Яғни екі саланың әрқайсының өз құрылымы, зерттеу нысаны ретінде өзіндік тілдік бірліктері бар. Олай болса, олардың әрқайсының өзіндік терминдері де болуы шарт.
Тілдің бұл екі саласының (уәжтану, сөзжасам) зерттейтін мәселесі бір болғанымен, ішкі құрылымы мен зерттеу әдістері түрліше. Орыс тіл білімінде : « Уәждеме мен сөзжасамның айырмашылығы ішкі уәждемелі – сөзжасамдық құрылым элементтерінің бүтін уәжді сөзді түрлі әдістер арқылы зерттеуіне байланысты болып келеді.Мысалы, сөзжасам үшін қарастырылып отырған уәжді сөз «оңнан солға қарай» талданып, яғни жаңа ұғымды білдіретін формант негізге алынады да, оған уәж болған түбір сөзден ерекшелігі айқындалып, уәждеме сөзжасамның бір кезеңі немесе сөзжасамдық үлгінің, статикалық үлгінің ауыспалы компоненті болып табылады. Ал уәждеме үшін жаңа атау жасалу дерегі (деривация) сөздің жаңа қолданысқа түсуі мен белгілі бір лексикалық бірліктің дамуы деп қабылданады.Демек, уәждеме саласындағы зерттеулер үшін жаңа жасалған уәжді сөз бен оған уәж болған түбір сөздің арасында айырмашылық жоқ, жаңа атау сөз тек жаңа синтагматикалық ортаға түседі»(
Сонымен, сөзжасамда кез келген түбір сөзге қосымшаның жалғануы жаңа мағынаның туындауы болып табылады. Ал, уәжтануда жаңа «дүние» өзінен - өзі пайда болуы мүмкін емес деген қағиданы ұстанады, ол тек белгілі бір тілдік бірліктің жаңа қолданысқа түсуі, жаңа қызметті атқаруы, жаңа формаға ие болуы дегенді білдіреді.

Осы кезеңге дейінгі аталым теориясына арналған көптеген ғылыми әдебиеттерде «аталым» жалпы «тілдік аталым» деп көрсетіліп, терминологиялық аталымды зерттеуде тілдік аталыммен салыстырады дей келе Қ.Айдарбек: « біздіңше, Терминологиялық аталым (ТА) да тіл білімінің бір саласы ретінде тілдік қарым – қатынастың ерекше, тетігін зерттеуге бағытталғандықтан, оны жалпы тілдік аталымнан ажыратып көрсетуге болмайды. Керісінше, ТА( терм.ат) жалпы тілдік аталымның бір бөлігі болып саналады. Ал, осы уақытқа дейін аталым теориясының аясында, негізінен лексикалық аталым түрлері қарастырылған.
Лексикалық аталымды жіктеуде ең басты параметрлер ретінде жаңа тілдік бірліктің жаңалығын ұғынып немесе ұғынбай жасау және аталымның стандарттылығы немесе стандартқа сәйкес келмеуі немесе нормаға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі секілді критерийлерді басшылыққа алып, лексикалық аталымның бірнеше түрлері көрсетіледі: 1) қалыпты аталым(жаңа атау екендігі мойындалып, нормаға сәйкес жасалған атаулар); 2) мутациялық аталым( стандартты, жасалу үлгісі тілдік тұрғыдан тұрақты, бірақ тіл тұтынушылары үшін байқалмай жасалған тілдік бірліктер); 3) жасалынды аталым( саналы түрде тіл стандартын бұзу арқылы жасалған бейуәжді атаулар), 4) «паталогиялық» аталым(тілдік және тілден тыс факторларға байланысты «қате» жасалған, туындаған аталымдық бірліктер)(Журавлев А.Ф. Технические возможности русского языка в области предметной номинации// способы номинации в современным русском языке.- М.: Наука,1982.с.46-48.).(Айдарбек Қ)
ТА үдерісі барысында терминдік бірліктердің жай тілдік бірліктерден өзгешелігін ескере отырып, ең басты параметрлер ретінде терминдердің стандарттылығын, нормаға сәйкес және саналы түрде белгілі бір мақсатпен жасалуын атап көрсетуге болады. Осы тұрғыдан, ТА түрлерін былайша жіктеуге болады дейді Қ.Айдарбек: қалыпты ТА( нормаға сәйкес саналы жасалған терминдер): мұрағатшы, кітапханашы, тасымалдаушы, түзетуші , сарапшы, дайындаушы; мутациялықТА ( стандартты, тұрақты үлгілер арқылы жасалған терминдер): сауыншы, зергер, емші, қазаншы, малшы, күмісші; жасалынды ТА (тілдік нормаға сәйкес жасалған, бірақ алғашқы кезеңде термин жасандылығы белгілі болып тұрады. Ескерте кететін жайт, бұл ТА лексикалық түрінен ешбір экспрессия болмайды. Себебі лексикалық аталымда бұл аталым түріне жатқызылатын атаулар негізінен белгілі бір экспрессия тудыру үшін жасалады):аспансерік,асқарпаз,әуежайшы, төлқұжатшы,планшетші. Лексикадағы паталогиялық аталым түрі тек жалпықолданыстық сөздер қатарында ғана кездесіп,ТА талаптарына сай келмейді (АйдарбекҚ.Ж.Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі Д.Д.А – А.2009).
Тіл білімінің аталым саласы – тілдік элементтердің таңбаланушы нысанмен бірігуін, онымен сәйкестендірілу ерекшелігін зерттейтін атаулану үдерісі. Аталымның зерттеу нысаны ретінде жеке ұғым, зат, сапа, зат немесе құбылыс пен оның белгілері болып табылады. Аталымдық акт тілдік және тілден тыс факторлардың әсер етуімен жүргізіледі. Өйткені, кез – келген атау – адамның психологиясын, дүниетанымын, дүниеге деген көзқарасын, талғамын, әдет-ғұрпын, яғни менталитеті білдіретін әлеуметтік- қоғамдық сипаттағы таңба.
Адамның жаңа сөз жасауына қоршаған орта, ақиқат болмыс, объективтік шындық ең алғашқы және маңызды себепші болып табылады. Ал денотаттың сипаты заттық аргумент аталым үдерісі мен нәтижесінде ықпал ететін маңызды объективтік фактор болып саналады. Аталым үдерісі адамға тәуелсіз болатын нысанды субъектімен біріктіріп, біртұтастықты білдіретін құбылысқа айналдырады. Шындығында, аталым үдерісі барысындағы объекті мен субъектінің қатынастары аталым теориясының күрделі мәселелерінің қатарына жатқызылады.
Атау берушінің (субъектінің) атау беру үдерісінің барысында қалыптасатын көзқарасы, нысанды игеру мен танып білу үдерісімен, онымен практикалық қызметі барысында танысуымен, тікелей жанасу жиілігімен байланысты туындайды. Ал атауланушы нысан(объект) әрдайым көптеген қасиеттер мен оны сипаттаушы белгілерге ие болып, басқа нысандармен байланысқа, қарым – қатынасқа түседі. Бұл ретте, субъектінің негізгі аталымдық қызметі – нысанның алуан түрлі белгілерінің ішінен атау негізіне алынатын шектеулі бір топ белгілерін іріктеп алу болып табылады.
Аталым актісі атау беруші субъектінің жекелік(индивидуалдық) ғана емес, сонымен бірге жекеліктен тыс сипаттағы сәттерден тұратын қабылдау және ойлау психологиясымен тығыз байланысты. Адам ақиқат болмыс құбылыстарын немесе заттардың қасиеттерін ажыратуды өзінің бес сезім мүшесі(есту, көру, иіс) арқылы жүзеге асырады.
Субъекті нысанды қабылдау үдерісінде оның бірқатар қасиеттері бар екендігіне көз жеткізіп, олардың ішінен ақпараттың маңызды деп таныған бір немесе бірнеше белгілері мен қасиеттерін іріктеп алады(ЗинченкоВ.П. Избранные психологические труды/коментарий:ЗапорожецА.В.-Т.1.-М.,1986.-с278).Осының нәтижесінде субъекті әрі қарай аталған нысанды басқаларынан оңай танып, ажыратып алады. Ал бұл белгілер ретінде нысанның бірден көзге түсетін ең айқын сипаттағы тұстары мен көріністері анықталады. Ақиқат болмыс реалийлердің белгілерінің іріктелу үрдістері автоматтандырылған іс - әрекеттерге көшіп, әрі қарай «тұрақты саналы бақылау мен зер салып, атқаруды күшейтуді» қажет етпейді (Сергеев В.М. терминология изобразительного искуства в русском языке XIX-XXввКДА.- Л,1964.10 б).
Аталымдық үдеріске қатынасатын объективтік факторлар (нысан, қабылдау стереотиптері, тілдік дәстүр) әрқашан субъективтік факторлармен күрделі қарым – қатынасқа түседі. Сөздің аталымдық бірлік ретінде әлеуметтік те, жекелік те(индивидуалды) табиғаты болады. Нысан белгілерінің ішінен біреуінің таңдалуы субъективтік негізде жүзеге асырылады. Денотаттың көптеген қасиеттерін танып білген субъекті оның аталымға лайық деп таныған бір-екеуін ғана таңдап алады. Өз кезегінде, тіл құзырында көптеген формалардың болуы, субъектінің олардың ішінен біреуін, аталымға қажеттісін іріктеу, сұрыптау арқылы таңдау іс - әрекетін атқаруын қажет етеді.
Аталым үдерісінің ең маңызды субъективтік факторы – жаңа атау жасамас бұрын атау беруші субъектінің алға қойған мақсаты. Жаңа атаудың болашақта қандай болуы ең алдымен жеке тұлғаның психологиялық ұстанымына байланысты. Бұл ретте аталым саналы түрде, белгілі бір мақсатпен ( алдын ала белгілі бір мақсатты көздеуімен) орындалған атаулану актісі ретінде және тіл иесінің арнайы мақсатты көздемей – ақ атау жасауы негізінде жүзеге асуы мүмкін. Демек, тілдегі табиғи және жасалынды құбылыстардың қарама - қарсылығы келесі элементтерден тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет