Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Компьютерлік желілердің қолданысын түсіндіріп көрсетіңіз



бет20/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96
Компьютерлік желілердің қолданысын түсіндіріп көрсетіңіз
Желі дегеніміз ресурстарды – дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.

Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физикалық түрде байланыстырғанда компьютерлік желі құрылады. Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халықаралық стандарттар жасау ұйымының – ISO (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.

Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы – қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі – физикалық деңгей болып саналады.

Жергілікті желі – бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) рөлін атқарады. Жергілікті компьютерлік желіге қосылған әртүрлі ЭЕМ-дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәліметті пайдалану өз компьютеріңде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет