Эрозияны кетіруге құрамында солкосерил мен беткей
анестетик бар дентальды адгезивті паста жақсы көмек береді.
Эрозияға жағылған Солко пастасы ауырсынуды басып, оның
тіспен зақымдалуына жол бермейді және кортикостероидтар
әсерінен олардың жазылуына көмек береді. Пастаны күніне 3-4
рет тамақ ішер алдында жағады, ол 3-5 сағат әсер етеді.
Көпіршікпен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда
болуы тиіс, ал амбулаторлы жағдайда дәрі-дәрмекті тегін алуға
құқылы.
Болжамы.
Кортикостероидтарды
қолдану
мұндай
науқастардың өмірін ұзартуға көмек береді. Бірақ перманентті ем
кейбір асқынуларға (стероидты диабет, гипертония, остеопороз
және т.б) әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: