Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет293/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық көрінісі.
Көбіне ерте балалық шақта тағамдық 
аллергия ретінде басталады. Алғашқы көріністер көбіне бетте 
пайда болып, кейін мойнына, иығына, балтырына, шынтақ 
бүгілісіне және тізе асты қыртысына таралады. 1 жасқа дейінгі 
балаларда гиперемия, ісіну, микровезикулалар, суланулар, 
қабыршақтар басым келеді. Олар лихенификация ошақтарымен 
қосылатын 
эпидермальды 
папулалармен 
қоса 
жүреді.
Дерматоздың бұл дәрежесінің клиникалық көрінісін жиі 
аллергиялық диатез немесе балалар экземасымен шатастырып 
алады. Ересек балаларда жедел қабынулық эритема фонындағы 
тері лихенизациясымен бірге болатын инфильтрациясы басым 
болады. 
Атопиялық дерматитті 5 клиникалық түрге бөледі: 
экссудативті, эритематозды, эритемато-сквамозды қарапайым, 


эритематозды-сквамозды лихенизациясы бар, лихеноидты- 
пруригинозды. Эритематозды-сквамозды қарапайым түрі және
лихенизациясы бар эритематозды-сквамозды түрі 2-10 жас 
аралығында қалыптасады. Одан соң лихеноидты түрі дамиды, бұл 
кезде қалыпты тері түстес эпидермозды-дермальды папулалар 
кейбір бөліктерде (арқасы, іші, кеудесі) шашырап орналасып,
кейін тұтас папулезді инфильтрация түрінде айналады. Терісі
зақымдалу 
ошақтарында 
гиперпигментацияланып, 
қатты 
қышынуға байланысты экскориациялар пайда болады. 
Құрғақтық пайда болып, кей жерлерде ұсақ пластинкалы 
түлеу дамиды. Қатты қышымамен білінетін терінің зақымдалуы, 
невротикалық бұзылыстар, ақ дермографизм, терінің сұрғыл 
түстенуі, құрғақтық және пиломоторлы рефлекстер атопиялық
дерматиттің типті клиникалық көрінісі болып табылады.
Атопиялық дерматит жиі ихтиозбен қосарланады, бұл науқас 
жағдайын нашарлатады. 
Кей науқастарда процесске еріннің қызыл жиек (кайма) және 
қоршаған терінің қызаруы (атопиялық хейлит) қосылады. 
Атопиялық 
хейлит 
диффузды 
нейродермиттің 
жалғыз 
клиникалық көрінісі болуы мүмкін. Ауыздың кілегей қабатына 
жанасып жатқан қызыл жиектің бөлігі зақымдалмайды және
процесс ешқашан ауыз кілегейіне өтпейді. 
Атопиялық дерматит бірде жақсарып (жазда), бірде (жиі 
қыста) нашарлайды. Кейде процесс бронхиальды астма,
қызбамен, вазомоторлы ринитпен және басқа да аллергиялық 
аурулармен бірге жүреді. Эритеманың күшеюімен бірге 
экзематизация мен тараған жердегі қысқа уақытқа суланудың 
пайда болуы ықтимал. 
Шектелген бөртпелерге «шектелген нейродермит» термині 
қолданыла береді. Жиі кешке немесе түнде өршитін айқын 
қышынуда науқастар қатты қиналады. Сүйікті орналасатын жері – 
мойынның артқы және қаптал беті, анальды-генитальды бөлігі, 
жиі санның ішкі беті, құйрықаралық қыртыс, ірі буындардың 
бүккіш бөлігі 
(113-сурет)
. Терінің шектелген аймағы алғашқыда 
өзгеріссіз болады. Уақыт өте келе қышынуға қоса тығыз 
консистенциялы папулезді бөртпелер пайда болады, олар кей 


жерлерде 
қабыршақтармен 
қапталады 
(кебік 
тәрізді
қабыршақтар). 
Кейіннен 
жекелеген негізінен лихеноидты 
папулалар 
қосылып, 
әртүрлі 
көлемді қатпарлар құрайды. Түсі 
бозғылт-алқызылдан 
қанық 
қызылға дейін өзгеруі мүмкін 
(114-сурет)
. Қатпарлар жалпақ, 
овальды немесе дөңгелек пішінді, 
шеттері тегіс емес болып келеді. 
Біртіндеп тері суреті айқындалып, 
лихенификация дамиды. Шегрен 
тері түріне (шагрень – шегрен –
қой немесе ешкі терісінен илеген 
былғары) 
енеді. 
Типті 
жағдайларда 
шектелген 
нейродермит 
шыңында
лихенизациясы 
бар 
орталық 
аймағын, шектелген жылтыр, беті 
тегіс, 
бозғылт-алқызыл 
папулалары бар орталық аймағын 
және гиперпигментациясы бар 
шеткі аймағын ажыратуға болады. 
Жедел емес қабынулық эритема 
фонында жиі экскориация (жаңа пайда болған және 
геморрагиялық қабыршақпен қапталған) байқалады. Процесс
өршіген жағдайда қосылған лихеноидты папулалармен бірге 
кейде пруригинозды элементтер пайда болады, қабыршақтану 
күшейіп, эритема айқын түске енеді. Аурудың ағымы ұзақ, 
көптеген жылдарға созылады. 
Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарда жүйке 
жүйесінің бұзылыстары байқалады: жоғары қозғыштық немесе
енжарлық, арықтау, астения, эмоциональды лабильділік, 
ұйқысының бұзылысы және т.б. Бұған қоса азапты және тұрақты 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет