Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет340/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Гландулярлы хейлит
 

Гипертрофияланған сілекей 
бездерінің созылмалы қабынуынан болатын еріннің ауруы. 
Сілекей бездерінің түтіктері туа біткен гетеротопияға байланысты 
Клейн зонасына ашылады. 
Оның екі формасын ажыратады. Біріншілік хейлит еріннің 
басқа ауруларымен байланысты, әйелдерге қарағанда 40 жастан 
асқан ер адамдарда 2 есе жиі кездеседі. 
Біріншілік хейлиттің клиникалық көрінісіне көбіне төменгі 
ерінде орналасып, кішкене тамшы түрінде сілекей бөлетін (таңғы 
шық белгісі) қызыл нүктелер жатады. Еріннің ұдайы сілекеймен 
сулануы оның мацерациялануына, ал сілекейдің булануы-еріннің 
құрғап, 
жарылып 
эрозиялар 
мен 
қатерлі 
ісік 
алды 
трансформацияларға әкеледі. 
Екіншілік 
гландулярлы 
хейлит 
сілекей 
бездерінің 
гетеротопиясы жоқ адамдарда лейкоплакияның, қызыл жалпақ 
теміреткінің, қызылжегінің және басқа да дерматоздардың 
көрінісі ретінде дамиды. 
Емі.
Еріндер кілегей қабатының қоздырғышы ретінде және 
ауыз қуысының жалпы инфицирленуін төмендету үшін 


инфекцияланған тіс жабындыларын алып тастаған дұрыс.
Төменгі еріннің жарақаттаушы факторын жою. Жарақаттардың 
және гальваноздың себептері ретінде тіс қатарының мүкістіктерін 
қалыптастыру; тістүйістің биіктігін қалыптастыру. Шаш тәрізді 
электродпен сілекей бездерінің электрокоагуляциясы жүргізіледі.
Бұндай жағдайда міндетті түрде емдеу керек, себебі безден 
тұрақты ағып тұрған сілекей созылмалы қабынудығң, 
лейкоплакияның және тіптен рактың дамуына әкелуі мүмкін.
Гипертрофияланған сілекей бездері көп болса оталық жолмен 
кесіп алып тастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет