ПӘННІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫ МОДУЛЬ 1. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КОНФЛИКТОЛОГИЯ 1-дәріс. Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні және қалыптасуы мен дамуы. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері. Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарымқатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан.
Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарымқатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген.
Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар: социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология, криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның бағасын анықтау өте қиын. Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы.
Шиеленіс проблемасы адамзат ойының басты элементі болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.