Б. С. Оралбекова 05 ж


Жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме Кесте 1



бет7/27
Дата07.02.2022
өлшемі123,06 Kb.
#90043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
09cbc67e-b6b8-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД конфл

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме
Кесте 1

Курс

Семестр

Несие

Дәріс (сағ)

Практ (сағ)

Зертх
(сағ)

БОӨЖ
сағ

БӨЖ



Жалпы сағат

Қорытынды бақылау
түрі

2-3

3-6

2

15

15

-

15

45

90

емтихан


Курс құрылымы:



Тақырыптар




Сағаттар









1

Модуль1. Конфликтология ғылымы туралы түсінік
Қарым-қатынас психологиясының мақсат-








міндеттері, зерттеу пәні және қалыптасуы мен дамуы.
Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.

2

2







2

Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар. Шиеленіс жағдайларының туындауы.
Себептері. Құрылымдары. Функциялары.
Динамикасы.

4

2



3

Модуль2. Конфликт (шиеленіс) түрлері
Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері. Стресс. Стресс –








шиеленіс туғызушы ретінде.

3

1







4

Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер. Топтық шиеленістер.

3

2



5

Педагогикалық конфликт. Этнос аралық шиеленістер. Ұйымдардағы шиеленістер.

3

1



6

Модуль 3. Конфликттің алдын алу және шешу жолдары
Конфликтті тұлғалар. Қазіргі таңдағы шиеленісті








шешу менеджменті. Шиеленістің алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары.

3

1







7

Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы. Амалдары мен тиімді жолдары.

2

1




Барлығы

20

10



Пән бойынша қорытынды баға

ПӘН Рейтингі


0-49 балл

қанағаттанарлықсыз

50-74 балл

қанағаттанарлық

75-89 балл

жақсы

90-100 балл

өте жақсы

Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі



Жұмыс түрлері

Мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер









1

Дәріс және семинарларға қатысу

Оқу материалын меңгеру


семестр
бойы

10

ағымдық

әр
сабақта

2

«Ым-ишара тілдері және
шиеленістер»
тақырыбы бойынша коллоквиум

Оқу материалын толықтыру

Қосымша
ақпараттар көзі

2 сағат

10

аралық
бақылау

6 апта

4

Реферат

Оқу материалын толықтыру

Қосымша
ақпараттар көзі

4-9 апта

10

СӨЖ
тексеру

9 апта

5

Стресс және невроздарға шалдыққан
клиенттермен жұмыс жасау
бағдарламасын жасау және қорғау

Практикконсультант
психологтың
біліктіліктерін қалыптастыру

Қосымша
ақпараттар көзі

13-15 апта

10

аралық

12 апта

6

СӨОЖ дайындық

Ғылыми әдебиеттермен
жұмыс жасау және
тәжірибелік
жұмыстарды орындау
біліктіліктерін дамыту

Силлабус, оқулықтар, сөздіктер, қосымша материалдар

1-12 апта

20

ағымдық

сабақ
кестесі не сәйкес

7

Емтихан

Курс материалын меңгеру
деңгейін анықтау

Силлабус, оқулықтар, сөздіктер, қосымша материалдар

2 сағат

40

қортынд ы бақылау

сабақ
кестесі не сәйкес


БАРЛЫҒЫ




100



Аралық бақылаулар:

  1. «Ым-ишара тілдері және шиеленістер» тақырыбы бойынша коллоквиум (6 апта)

  2. Стресс және невроздарға шалдыққан клиенттермен жұмыс жасау бағдарламасын жасау және қорғау (12 апта)

СӨОЖ тапсырмалары



Мазмұны

Өткізу мерзімі

Балдары (макс.)

1

Логикалық схема: «Конфликтологияның қалыптасуы мен даму тарихы»

2

3

2

Реферат: «Қарым-қатынас түрлері»

4

3

3

Қарым-қатынас психологиясы бойынша тест тапсырмаларын дайындау

6

3

4

Эссе: «Шиеленістік жағдайлардан қалай аулақ жүруге болады?»

8

3

5

Реферат: «Конфликт түрлері»

10

4

6

Фрейд психоанализі бойынша конфликтік жағдайларды талдау (тұлғааралық және ұйымдағы)

12

4


Барлығы


20

Ескертпе: Жазбаша жұмыстарды бағалауда (реферат, конспект, сөзжұмбақ) келесі критерийлер есепке алынады:

    1. тапсыру мерзімдерін сақтау және жұмыс талаптарын толық орындау;

    2. барлық жазбаша жұмыстарда қолданылған әдебиеттер, нұсқаулар болуы керек;

    3. сіздің жұмысыңызда ұтымды ақпарат болуы қажет және қарастырылатын сұрақ бойынша Сіздің ойлау процесіңіздің логикасын бейнелеуі керек. Аяқталмаған жазбаша жұмыстар есептелмейді.

ПӘННІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫ
МОДУЛЬ 1. КОНФЛИКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1-дәріс. Қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуы. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері. 2 сағат.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрысбұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарымқатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан.
Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс.
2-дәріс. Конфликтология бойынша жалпы теориялар. Шиеленіс жағдайларының туындауы. Себептері. Құрылымдары. Функциялары. Динамикасы. 4 сағат.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған.
Гераклит (530-470ж.б.з.д.). дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін «соғыс – барлық нәрсенің патшасы».
Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж.б.з.д), онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.
Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды.
Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады.
Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274).
Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский (1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі.Қақтығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап,оларды қалайда жеңу жолдарын қарастырды.
Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.
Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен
ауызбіршілікке қайта оралды
Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас Мальтус (1766-1834)ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.
Герберт Спенсер (1820-1903)қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімделген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады.
Карл Маркс (1818-1883)автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, социологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өмірінде өшпейтін құбылыс.Капиталистік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтындығынан тұрады.
Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарамақайшылықта өседі.
Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар берілетіндігі заңды деп білеміз.
Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И.Ожеговтың
Н.И.Кондаковтың А.Н.Леонтьев, В.С.Мерлин, А.И.Анциферова, Жан Пиаже,
А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет