Бағдарламасы ( 11сыныпқа арналған) Түсінік хат


«Микробиология» қолданбалы курс бағдарламасы (10 сыныпқа арналған)



бет46/94
Дата07.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#96904
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Байланысты:
Биология факульт курсы (1)
годовой план 2019-2020, A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6

«Микробиология» қолданбалы курс бағдарламасы (10 сыныпқа арналған)


Бағыты: Жаратылыстану-математика
Бағдары: химия- биология
Білім қҧрылымындағы курстың орны: «Микробиология» жалпы биологиядағы «Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері» тарауының құрамды бӛлімі.
Қҧрастырған: Батырова Т.К. – Орал қаласы, №34 мектеп-
гимназиясының жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Тҥсінік хат


«Микробиология» тақырыбына арналған қолданбалы курсының бағдарламасы. «Микробиология» бағдарламасында - барлық микроорганизмдерге қатынасы бар жалпы заңдылықтар, олардың морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы, зат алмасудағы рӛлі және табиғатта таралуы мен систематикасы қарастырылған.
Микробиология – ұсақ организмдердің тіршілігі мен даму заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен біртұтастығын және орта факторларының макроорганизмдерге тигізетін әсерін, ұсақ ағзалар әлемінің адамға пайдалы және зиянды түрлерін, табиғаттағы зат алмасуы мен энергия ӛндіруге қатысуы туралы түсінік береді.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 10 класына арналған «Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер және Вирустар» бӛлімін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама. Бағдарламаның мазмұны пән бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай дайындалған.
Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған. Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылыми соңғы жаңалықтарымен және ғаламтор жаңалықтарымен кеңінен таныстыру кӛзделеді. Оқу материалын жанжақты бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге кӛңіл бӛлінген.
Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бӛлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Зертханалық жұмыстарға арнайы сағаттар бӛлінген. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Микробиологияның эволюциялық, генетикалық дамуы және адамның микрофлорасы туралы түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет