Мына деректерге назар аудар. Есіңе сақта! Әлихантанушы-ғалым С.Аққұлұлының «Әлихан Бөкейхан: қазақ жерінің жоқшысы» атты монографиясында, экс-депутаттардың біразы 1906 жылдың 12-13 шілдесінде Териоки қаласында жиналып, «Новый курорт» саяжайында болашақта бірігіп атқаратын жұмыстарының жоспарын даярлаған деген дерек бар. «Халықтан – халық өкіліне» деген атаумен даярланған «Выборг үндеуі» қазіргі Санкт-Петербор қаласынан 140 шақырым жердегі Выборг қаласында өткен. Депутаттар тоқтап, бас қосқан «Бельведер» қонақ үйі де әлі күнге дейін сақталған (Мекенжайы: Ленинградский даңғылы, № 16 үй). Тарихи құжаттағы мәліметке назар аударсақ: «Выборг үндеуінде» «9(22) шілде, 1906 жыл» деген жазу жазылған және 180 депутат қол қойғанын байқаймыз.
Әлихан Бөкейханның мына еңбегін қай экспедицияда жүргенде жазған және бұл еңбегінде не туралы жазғанын анықта. «Материалы по киргизскому землепользованию» атты жинақтың VI, IV, XI томдары. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлиханның мына еңбектерінің мәні неде? Өз тобыңда зерттеп, сипаттап көр.
Павлодар уезі бойынша (IV том)- «Қоныстану тарихы», «Қызылтау және Алтыбай болыстарының шаруашылығының сипаттамасы», «Жерді пайдаланудың қауымдық жер формалары мен тәртібі», Қарқаралы уезі бойынша (VI том) «Қауымдық ауыл топтарына ескерту», «Рулық сызбалар», көшіп-қону кестесі мен қырғыз сөздерінің алфавиттік көрсеткіші, табиғи-тарихи аудандардың сипаттамасы, қырғыздардың жер пайдалану картасы, Ақмола облысы Омбы уезі бойынша (ХІ том) «Үйірдің бағылуы туралы», жалға алу туралы, қауымдық кестеге ескерту, туыстық-рулық сызбалар бөлімдерінің авторы болып табылады.