Әр бөлімді/тарауды әзірлеу
Жазатын жобаңыздың әр бөлімін/тарауын жазу туралы жақсылап сөи�лесе-
и�ік. Дәстүрлі формат туралы аи�туға бел будым. Өи�ткені зерттеу жобалардың бі-
разы осы форматты қабылдаи�ды/беи�імдеи�ді және балама форматты таңдасаңыз
да, жобаңыздағы бөлімдер қандаи� да бір формада көрсетілуі керек. Құжаттың
көлемі туралы аи�тсақ, 20 немесе 350 бет жазамын деп ои�лағаныңызбен, бөлім-
дер, негізінен, бірдеи� болып шығады. Бөлімнің ауқымы өзгеретіні анық, бірақ
жобаңыздың құрылымы мен басшылыққа алатын принциптері аи�тарлықтаи�
өзгермеи�ді.
432
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бастапқы бөлім
Зерттеу жобасының әр бөлімінен оқырман не күтетінін 5-тарауда жан-жақты
қарастырдым. Соңғы жазбаңыздан оқырман нені күтетінін осы жерден таныса
аласыз:
y
Тақырыптың атауы.
Жобаңызды толық жазып аяқтағанша, мұны қарастырып
бітпейсіз. Әрине, әр кезең сайын нақты, қысқа, екіұшты емес тақырыпқа қарап,
оны жобаңызға сай барынша дұрысырақ қылып өзгерту керек пе – анықтап
отырыңыз.
y
Резюме/аңдатпа.
Аңдатпалар өте қысқа болғандықтан, оларды лайықты
жасау қиын. Десе де олар зерттеу процесіңіз туралы толық ақпарат бере-
ді. Зерттеуіңізге аңдатпа жазсаңыз, оны дәл қазір оқып көріңіз. Зерттеу ба-
рысында көп нәрсе үйренсеңіз, бәрін қайта жазып шыққыңыз келуі мүмкін.
Студенттеріме жұмыстың талқылау мен қорытынды бөлімін жазбас бұрын, аң-
датпа жазуға кеңес беремін. Сонда олар аргументке қалай назар аудару қажет-
тігін ойлана бастайды. Зерттеудің мақсаты/міндеті бөлімнен бастап әдістер,
нәтижелер, талқылау, қорытынды бөлімнің негізгі зерттеуімен толық сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Ол үшін ең соңында жұмысыңызды тағы бір қарап
шығуға кеңес беремін.
y
Зерттеу сұрағы/гипотезасы.
Осы кітапта жақсы жасалған зерттеу сұрағына көп
назар аударғанымызды ескеріңіз. Ол назар аударту зерттеу жобаңызда кездесе-
тін басты мәселе болады деп санаймын. Бұл – зерттеуіңізде шынымен де анық-
тауға тырысқан мәселеңізді тұжырымдауға берілген соңғы мүмкіндік.
y
Кіріспе/негіздеме.
Мұны зерттеу ұсынысыңызда жазсаңыз, енді оны қайта қа-
рап, күшейтіп, кеңейтіп шығуыңыз керек. Бұл бөлімнің негізгі жұмысы – тақы-
рыбыңызды таныстыру, зерттейін деген мәселеңіздің өзекті, зерттеуге лайық
екеніне оқырманды сендіру (сондықтан да мәселенің ауқымына/қарқындылы-
ғына байланысты қолда бар аздаған статистика тиімді болуы мүмкін) керек еке-
нін 5-тарауда айттық. Осы бөлімде аталған мәселеге қатысты қысқаша ақпарат
беріп, оқырманыңызда мақсатыңыз бен міндетіңізді таныстыратын қорытынды
бөліміне қарай бағыттаңыз. Мақсатты жазу өте маңызды.
y
Мақсат/міндет.
Зерттеуіңіздің мақсаты мен міндетін алғаш рет жазып отыр-
саңыз, 5-тараудағы кеңесті оқыңыз. Бұл – жоспарыңыз бен нәтижеңіздің ара-
сында байланыстың бар екеніне көз жеткізуге арналған жақсы мүмкіндік. Сізге
толығымен қайта жазып шығу (әсіресе жобаңыз сіз күтпеген бағытқа қарай
ауытқып кеткен жағдайда) немесе кем-кетігін түзеп, аяқтау керек болуы мүмкін.
y
Зерттеуге шолу жасау.
Әрбір дипломдық жұмыс тарауына қысқа және жеңіл
шолу жасау – қалыпты дәстүр. Бұл әдетте бір тарауға қатысты бір немесе екі бө-
лім жазу арқылы жасалады. Ол мазмұнды ғана емес, сондай-ақ мақсат пен дә-
лелді де қамтиды. Әдетте бөлім былай басталады: Бірінші тарау ... таныстырады.
Екінші тарау … талқылайды. Тараудың екі мақсаты бар… . Үшінші тарау ... ерек-
ше атап көрсетеді. Тарау ... дәлелдейді.
433
Жазуды аяқтаудың қиындығы
Достарыңызбен бөлісу: |